293
МЕМСТ 40.9001 — 88 «Сапа жүйесі. Жобалау және (немесе)
жасау, өндіріс, жөндеу мен қызмет көрсету кезінде сапаны
қамтамасыз етуге арналған модель».
МЕМСТ 40.9002—88 «Сапа жүйесі. Өндіріс және жөндеу
кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған модель».
МЕМСТ 40.9003 — 88 «Сапа жүйесі. Соңғы бақылау және
сынау кезіндегі сапаны қамтамасыз етуге арналған модель».
Сапа жүйесі алға қойған мақсаттарға жету үшін
нақты бір
саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде кәсіпорындарда
құрылады және енгізіледі, яғни алғашқы боп сапа саласындағы
саясатты кәсіпорын басшылығының қалыптастыруы және құжат
түрінде рәсімдеуі болып табылады.
Сапа жүйесі кәсіпорынның
нақты қызметін есепке алып
жасалынады және өнімнің тіршілік кезеңі барлық кезеңдерін
байланыстыруы керек. Біздің елде қолданылатын ӨСБКЖ
әдістемесінде өнімнің тіршілік кезеңі төрт кезеңі салынған: зерттеу
мен жасау; дайындау; ұстау және сату; пайдалану және тұтыну.
ИСО 9004 сәйкес өнімнің тіршілік кезеңі (сапа ілмегі) неғұрлым
ұсақ кезеңдерге бөлінеді:
1)
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу;
2)
техникалық талаптарды жобалау және (немесе) шығару,
өнімдерді шығару;
3)
материалдық-техникалық жабдықтама;
4)
өндірістік үдерістерді дайындау және шығару;
5)
өндіріс;
6)
бақылау, сынақ және зерттеу жүргізу;
7)
қаптау және сақтау;
8)
өнімді сату және тарату;
9)
монтаждау және пайдалану;
10)
техникалық көмек және
қызмет көрсету;
11)
пайдаланғаннан кейін кәдеге жарату;
Сапа жүйесінде өнімнің тірлішілік кезеңінің сатыларына әсер
ету сипаты үш бағытқа ие болуы мүмкін: сапаны қамтамасыз ету,
сапаны басқару, сапаны жақсарту.
Өнім сапасын қамтамасыз
ету ол сапа бойынша нақты
талаптарды қанағаттандыратын кезде өнімнің тіршілік кезеңінің
әрбір сатысын орындау үшін осындай жағдайларды жасаушы
жоспарланатын және жүйелі өткізілетін іс-шараларды жиынтығын
береді.
Сапаны басқару жедел сипатқа ие және оған барлық үдерістерді
басқару, өндірісте немесе тіршілік кезеңінің
сатыларында өнімнің
294
алуан түрлі сәйкессіздігін анықтау, сонымен қатар, осы
сәйкессіздіктерді және оларды тудырушы себептерді жою кіреді.
Сапаны жақсарту – бұл өнімнің техникалық деңгейін, оны
дайындау сапасын арттыруға, өндіріс элементтері мен сапа жүйесін
жетілдіруге бағытталған тұрақты қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: