397
Тіреулерде тармақтауды орындау кезінде РФО түрлі көп мойынтіректі
ажыратқыштарды орнатады, сым мойынтіректерінің біреуінде бірретік
бекітуді, ал екіншісінде – анкерлік бекітуді қолданадыү желі және
тармақталу арасындағы электрлік байланыс
сымдарға қысқаштардың
көмегімен жалғанатын бөгет арқылы іске асырылады.
Бұранда кескіштерінің қысқыштары көмегімен сымдарды
анкерлік бекіту тез әрі қарапайым орындалады. Тартылған анкерлік
аралық сақтала беретін монтаждау қысқышынан шығатын сымның
ұшын қысқыш жырашықтарында салатын екі жағын ілгекпен
айналдырады. Одан кейін ілгекті ажыратқыштың мойынтірегіне
кигізеді, ал қысқыштың өзін одан 80...120 мм
қашықтыққа орнатады,
және осындай күйде қысқыштың бұрандаларын бекітеді. Ары қарай
тартқыш арқанды босатуға және сымнан монтаждау қысқышын алып
тастауға болады, себебі анкерлік аралық екі жағынан да
ажыратқыштарда бекітілді. Егер сымның бос ұшын аса ұзын болса және
келесі анкерлік аралық 6 ажыратқышынан келетін болса, 7 аса жеткілкті
бос анкерлік ілгегін қалдырады, одан кейін 8 ажыратқышында келесідей
анкерлік бекітуді іске асырады. Егер сымның бос ұшы қысқа болса, онда
сымы бар келесі атанақтың тарқатылуын бастайды және 8
ажыратқышындағы жаңа сымның анкерлік бекітілуінен кейін
сымдардыңғ екі ұшын термиттік дәнекерлеудің анкерлік ілгегіне
жалғайды.
Анкерлік тіреулерінде,
қажет болғанда, сымның бір макарсынан
екіншісіне көшуді орындайды. Ол мақсат үшін ПП түрлі ілгекті аралық
қысқыштары қолданылады, олардың көмегімен әртүрлі маркалы
сымдардың ұштарын анкерлік ілгекке біріктіреді.
Сымды анкерлік тіреулерде бекіткеннен кейін, барлық аралық
тіреулердің ажыратқыштарындағы сымдарды байлайды. Ол
шара
гидрокөтергіштер немесе телескопиялық мұнаралардан, ал 1 кВ дейінгі
кернеуі бар ӘЖ монтажы кезінде тіреуден тікелей өткізілуі мүмкін.
Алюминий және болат алюминий сымдарын байлау үшін диаметрі 3,5
мм болып келетін алюминий сымын, ал болат сымдарын байлау үшін –
диаметрі 2...2,7 мм болып табылатын жұмсақ болатты мырышталған
сымды қолданады. Байлау үшін сым кескінінің ұзындығы 300 мм кем
болмауы тиіс. Аралық тіреулерде сымдарды бекіту кезінде аса жиі
ажыратқыш мойынтірегінде бүйірлік байлау әдісін қолданып отырады.
Тіреудегі әртүрлі сымдардың орналасуы кез-келген болуы мүмкін,
ал нөлдік сым, әдеттегідей фазалық сымдарынан төмен орналасыу
қажет. Нөлдік сымның үстінде сыртқы
жарықтандыру желілерінің
сымдарын орналастырады. ӘЖ монтажы кезінде сымдар арасындағы
қашықтық 11.14 кестесінде көрсетілген деректеріне сай болуы керек,
сымнан траверса тіреуінің бетіне немесе тіреудің басқа элементіне
дейінгі қашықтық кем дегенде 50 мм болуы керек.
398
Тіреулерде монтаж аяқталғаннан кейін тіреудің реттік нөмірін, оны
орнату жылын (барлық тіреулерде) және желінің нөмірін немесе оның
шарттық белгіленуін (басқа ӘЖ қатарласа
таратудың учаскілеріндегі
ӘЖ барлық тіреулерінде) қамтитын тұрақты белгілер орнатылады.
Сонымен қатар, тіреулерге алдын-ала сақтандырушы плакаттар
бекітіледі (елді мекендерде барлығына және елсіз мекендерде бір тіреу
сайын).
Достарыңызбен бөлісу: