415
Секциялардың түйіскен жерлерін аспаға арналған 1 шығыршығы бар 6
жалғастырғыштарында іске асырылады. Қораптың астында сырғанау
байланысынан жылжымалы электрлік тізбектерді шығаруға арналған
көлдеңен жалпақ қуысы бар. 1 аунақшаларында
ойықтардың бойымен
қораптың ішінде жылжып отыратын күймешенің көмегімен тоқалғыш
жүзеге асырылады (1.27 сурет). Күймешенің бүйірлік тербелістерін 2
кергіш аунақшалары доғартады. Күймешенің қалқаны серіппелермен
троллеяларға қысылған. Байланыс блогында әрбір троллей үшін 25 А
немесе 100 В (ШТМ72) тоғына есептелген екі мыс-графиттік
қалқандарын орнатады. Еселенген күймешектердің қалқандары екі есе
үлкен жәге бастапқы тоқ 50 немесе 200 А. Күймешектер шинасымына
біріктіруші жалғастырғыштары арқылы қосылады. Күймешекті
тельфермен немесе бөрене кранымен механикалық жалғасу үдерісін
жинақтама жетекші қорап атқарады.
Бұрыштық секциялар тура
секцияларына ұқсас құрастырылған (12.8 сурет), бірақ оларда қорап 800,
1200 және 1400 мм айналма радиусымен 45 немесе 90° бұрышында
иілген, ол трассада шинасымды кез-келген нысанда жинақтауға
мүмкіндік береді.
12.6 сурет. ШТМ72 троллейлік шинасымының тура секциясы:
1 — аспаның шығыршығы; 2 — троллей;
3
— ажыратқыштың бекіткіші; 4 —
ажыратқыш; 5 — қорап; 6 — біріктіруші жалғастырғыш; 7 — қораптың ойығы
417
Троллейлік
шинасымдарын
қолдану
ашық
шинасымдарын
қолданумен салыстырғанда монтаждау жұмыстарының кезінде металл
және еңбек шығындарын маңызды түрде кемідеті.
Жылжымалы көтергіш-тасымалдау механизмдері (крандар, бөрене
крандары, электрталь) үшін қызмет атқаратын троллейлік желілер кран
астындағы жолдардың бойымен салынған үш фазалы тоқ өткізгіштерін
білдіреді. Оларда тоқ өткізетін байланыс өткізгіштері ретінде арнайы
троллей оқшауларында орнатылған бұрыш болатынан дайындалған
болат шиналары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: