134
5 тарау.ҚОРҒАНЫСТЫҚ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН
ҚҰРАСТЫРУ
5.1.
Жалпы мәліметтер
Электрлік жабдықтар оқшауламасы зақымдалған кезде оның әр түрлі
металл тоқ өткізбейтін бөліктері кернеу астында болып, адамның электр
тоғына ұшырау қаупін тудыруы мүмкін. Оқшауламасы зақымдалған
жабдықтарға жанасып, адам тоқ үшін жерге жеткізетін өткізгіш болады.
0,05 бастап 0,1 А дейінгі тоқтар адам үшін қауіпті, ал 0,1 А жоғары тоқтар
өлімші.
Жерге өтетін тоқ мәні адам денесінің электрлік кедергісінен және
зақымдалған қондырғы кернеуінен тәуелді. Адам денесінің кедергісі кең
шектерде өзгеріп отырады: бірнеше жүзден
бастап мыңдаған Омға дейін,
сондықтан олардың өмірі және денсаулығы үшін жерге қатысты кернеуі
салыстырмалы түрде төмен қондырғылар қауіп төндіруі мүмкін.
Корпусқа тұйықталу кезінде
жерге қатысты кернеу
осы корпус және
жердегі тоқ ағатын аймақтан тыс орналасатын (бірақ осы аймақтан 20 м
жақын емес) жер нүктелері арасындағы кернеу болып табылады.
Кездейсоқ кернеу астында болатын қондырғыларға жанасу кезінде
адамдарды электр тоғына ұшыраудан қорғайтын негізгі шаралардың бірі
қорғаныстық жерге тұйықтау құрылғысы болып табылады.
Жерге тұйықтау
деп жерге тұйықтаушылар және жерге тұйықтағыш
өткізгіштер көмегімен орындалатын, қондырғының қандай да бір бөлігінің
жермен қасақана электрлік жалғануын атайды.
Жерге тұйықтаушы
деп топыраққа енгізілген металл өткізгішті немесе
өткізгіштер (электродтар) тобын атайды.
Жерге тұйықтағыш өткізгіштер
деп электрлік
қондырғылардың жерге
тұйықталатын бөліктерін жерге тұйықтаушылармен жалғайтын металл
өткізгіштерді атайды.
Жерге тұйықтағыш құрылғы
деп жерге тұйықтаушылар және жерге
тұйықтағыш өткізгіштер жиынтығын атайды. Егер жерге тұйықтағыш
құрылғыда, адам денесінің ең кіші кедергісіне қарағанда, көп есе кіші кедергі
болса ғана, адамдар қауіпсіздігіне қол жеткізіледі.
Жерге тұйықтағыш құрылғы кедергісі деп жерге және жерге тұйықтағыш
өткізгіштерге қатысты жерге тұйықтаушы кедергілерініңқосындысы аталады,
және ол алдын ала есептеумен анықталатын шектерде болу керек. Жерге
тұйықтағыш құрылғылардың максималды рұқсат етілетін кедергілері
қондырғы кернеуімен, жерге
тұйықтау тоқтарының мәндерімен, бейтарап
сымның болуымен және кейбір басқа шарттармен анықталады және әрекетті
ЭҚЕ орнатылады.
Жерге тұйықтау тоғы
— тұйықталу жерінде жер арқылы
өтетін тоқ.
135
Оқшаулама зақымдалған кезде адамдарды электр тоғына ұшыраудан
қорғау үшін электрлік жабдықтардың металл тоқ өткізбейтін бөліктерін жерге
тұйықтайды. Осы мақсат үшін арналған шаралар және техникалық
құрылғылар жинағын
қорғаныстық жерге тұйықтау
деп атайды, яғни
қорғаныстық жерге тұйықтау жерге тұйықтағыш
өткізгіштер және жерге
тұйықтаушылар көмегімен электрлік қондырғылардың тоқ өткізбейтін металл
бөліктерінің
(айырғыш
жетектерінің
тұтқалары,
трансформаторлар
қаптамалары,
тіректі
оқшаулағыштар
ернемектері,
өлшеу
трансформаторларының корпусы, және т.б.) жермен қасақана жалғануы
болып табылады.
Қорғаныстық жерге тұйықтау міндеті қорғалатын құрылғының металл
құрылымдары немесе корпусы және жер арасында жеткілікті кіші кедергінің
электрлік қосылысын құруда негізделеді; жерге немесе электрлік
қондырғылардың тоқ өткізгіш зақымдалған бөліктерінің корпусына бір
фазалы тұйықтаулар кезінде осындай қосылыс адамның өміріне және
денсаулығына қауіп төндіретін мәнге дейін тоқтың
төмендеуін қамтамасыз
етеді, себебі оның денесінің электрлік кедергісі жермен жалғанған металл
өткізгіш кедергісінен бірнеше есе үлкен.
Жерге тұйықтау
— бұл кернеу
астында болатын электрлік қондырғы бөліктерінің жермен немесе жерден
оқшауланбаған оның құрылымдық бөліктерімен кездейсоқ электрлік
жалғануы.
Қорғаныстық жерге тұйықтау оқшауланған бейтарап сымы бар барлық
желілерде және жерге тұйықталған бейтарап сымы бар кернеуі 1000 В жоғары
болатын желілерде қолданылады. Соңғыларында
бір фазалы тұйықтау
тоқтары жер арқылы өтеді және апаттық учаскенің сөндірілуін тудырады.
Керең тұйықталған бейтарап сымы бар желілерде электрлік
қабылдағыштар жұлдызға жалғанған тоқ көзінің орамаларынан қоректенеді,
олардың нөлдік нүктесі жерге сенімді тұйықталған.
Керең жерге
тұйықталған бейтарап сым
деп тікелей немесе кіші кедергі арқылы жерге
тұйықтайтын құрылғыға жалғанған трансформатордың немесе генератордың
бейтарап сымы аталады.
Достарыңызбен бөлісу: