117
Екінші кезең - мағынаны ашу кезеңі. Оқушы жаңа ақпараты бұрынғы
білімімен ұштастыра түседі. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар.
Олар - болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту т.б.
осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен
білім алу, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда өзіндік еңбек
ету кезеңіне айналдырады.
Үшінші кезең - ой-толғаныс яғни рефлексия білім алудың қорытындылау
кезеңі. Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін
өз сөздерімен
баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.Күнделікті оқыту
үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне басқаға сын көзбен қарау,
баға беру назардан тыс қалып жатады. Бұл кезеңде оқушыларға «Тарихи
диктант», «Венн диаграммасы», «Даталар сөйлейді» т.б. осы сияқты
стратегиялар әр бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз
шығармашылығын көрсете алады. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.
Достарыңызбен бөлісу: