185
Сұрақ:
Көз жанарының пішіні бұлшықет қызметімен реттеледі. Көз
жанары үшін не себепті пішінін өзгерту маңызды болып табылады?
o Айқындылығы әр түрлі заттарды көруді жеңілдету үшін
o Түсі әр түрлі заттарды көруді жеңілдету үшін
o Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттарды көруді жеңілдету үшін
o Өлшемдері әр түрлі заттарды көруді жеңілдету үшін
Жауабы:
Оқушылар әртүрлі қашықтықтағы
заттарды көруді жеңілдету
үшін, көз жанары пішінін өзгертуі тиіс деген үшінші нұсқаны дұрыс көрсетуі
үшін, мазмұн білімін пайдалануы керек.
3 тапсырма
Аспазшы нан пісіру үшін
қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және
ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды
бір ыдысқа салып бірнеше
сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді:
ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен
қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Сұрақ:
Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?
Жауабы:
Өйткені қамырда көмірқышқыл газ пайда болады.
4 тапсырма
Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма?
Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде
тіс тазалаудың көптеген әр
түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын
тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы
нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың
қалдықтары мен тіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке
зақым келтіруге болады. Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай
ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», – дейді. Ол: «Бір жағынан
бастаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен (мисуак)
тазалап
шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар!
Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».
186
«Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар» – бұл норвегиялық журналдан
алынған мақала. Мына сұрақтарға жауап беру үшін, мақаланың мәтінін
пайдаланыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: