191
алу) болып бөлінеді. Олардың арасында аралық түйін — газдың қанмен
тасымалдануы жүреді.
Сыртқы тыныс алу(өкпемен тыныс алу)
Оттегінің өкпеге түсуі және альвеолалар ауасы мен кіші айналым
шеңберінің қаны арасындағы газ алмасу.
Ішкі тыныс алу (ұлпалық тыныс алу)
Оттегінің ұлпаларда пайдалануы немесе оның тотығу–тотықсыздану
реакцияларына қатысуы.
Жасушалық тыныс алу
Бұл энергия өндіру үшін органикалық қосылыстардың тотығуының көп
кезеңді үдерісі. Бұл энергияның бір бөлігі жоғары энергетикалық байланыстар
түрінде АТФ-да сақталады, ал қалған бөлігі жылу ретінде таралады.
Ағзадағы газ алмасу тәртібі
Газ алмасу — ағза мен оның айналасындағылар арасындағы газдардың
алмасу үдерісі. Оттегі қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы ауадан қанға,
ал көмірқышқыл газы қаннан ауаға өтеді. Газдар диффузиясы оның қандағы
және ауадағы концентрациясының әр түрлі болуы нәтижесінде жүзеге асады.
Нәтижесінде газ оттегі диффузиясы жолымен алмасып, ағзаға таралады да,
көміртектің қос тотығы шығарылады.
Ішкі және сыртқы газ алмасу
Газ алмасудың өкпеде өтуінің себебі, эритроциттердегі гемоглобинге
оттегінің берілуі және көмір қышқыл газының қаннан шығарылуының
нәтижесінде жүреді.
Қан оттегіні барлық мүшелерге тасымалдағаннан кейін, қылтамырлар
торында газ алмасудың басқа түрі өтеді. Оттегі эритроциттердің гемоглобинінен
дененің жасушаларына беріледі, ал олар өз кезегінде қанға көмірқышқыл газын
береді. Бұл — ішкі газ алмасу немесе ішкі тыныс алу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: