196
Жауабы:
Олардың адамзат өмірінде соншалықты
маңызды екеніне аса
сеніңкіремесеңіз, қарапайым бургерді елестетіңіз.
Егер аралар болмаса,
оның құрамында пияз, маринадталған қияр,
дәмдеуіш қызыл паприка болмас еді. Бұл көкөністерді аралар тозаңдандырмаса,
дұрыс пісіп-жетілмейді немесе мүлде өспейді. Бургерде ірімшік те болмас еді.
Себебі сүт беретін сиырдың рационына люцерн керек. Ал
оны аралар
тозаңдандырады. Люцернді басқа шөппен алмастыруға болады, бірақ бұл сиырға
кететін шығынды көбейтеді, салдарынан сүт пен сүт тағамдары қымбаттайды.
Тіпті картоптан жасалған фрисіз қалуыңыз да мүмкін. Себебі картоптың кейбір
сұрпын аралар тозаңдандырады.
Гүлді өсімдіктердің 90%-і тозаңдандырғыштарға тәуелді. Араларсыз олар
да жойылып кетеді, демек азық пен жәндіктердің панасы да жойылып, экожүйе
тізбегі бұзылады. Сарапшылардың айтуынша, аралар жойылып кетсе, фермерлер
тозаңданатын өсімдіктерді өсіруден мүлде бас тартуы мүмкін. Тозаңдану
азықтың сапасына да әсер етеді. Бұдан бөлек аралар бал, балауыз, прополис (ара
желімі) жасайды. Бұл өнімдер медицина, құрылыс, косметикада пайдаланылады.