З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет3/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Академ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1 Академиялық жазылым туралы түсінік 
 
1.1 Академиялық жазылым және оның ерекшелігі 
Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндер оқиды. Ал 
мәтінді шартты түрде 
академиялық
және 
академиялық емес
деп 2-ге бөлуге 
болады. Бірінші түріне 
реферат, баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми 
пікір, автореферат, диссертация, ғылыми жобаларды
жатқызуға болады. 
Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай 
құрылымдары мен жазылу жүйесі әртүрлі болып келеді. 
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің өзіндік зерттеу әдісі 
мен тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен, физика мен химия саласы бойынша 
жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен 
күрделі формулаларды қолдана отырып, түрлі тәжірибелік сынақтарды 
түсіндіру не талдау үшін жазылады. Ал әлеуметтік сала бойынша жазылатын 
жұмыстар түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру үшін жазылады. 
Мұндай мәтіндер көбінесе осы саланың мамандарына ғана түсінікті болуы 
мүмкін. Дегенмен олардың бәріне ортақ бір мақсат бар. Ол – зерттеу 
жұмысының нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сондықтан да 
академиялық мәтіннің тілі түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет.
Мәселен, техникалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, 
оның
негізгі мақсаты
– оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды 
мысалдар арқылы оқырманға жеткізу. Сондықтан академиялық мәтінде автор 
ғылыми мәтіннің негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілде 
баяндайды. 
Академиялық мәтіннің құрылымы
күрделі болады. Ол, әдетте, ғылыми 
мәлімет беруді көздейді. Сондықтан ақпарат түсінікті әрі мағыналы болуы 
үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Әдетте, академиялық бағытта 
жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады: 
күрделі, формальды, 
нақты, объективті, шектеулі
және 
 жауапты.
Бірақ
мәтінге қойылатын
басты талап 
– анық әрі түсінікті тілмен жазылуы. 
Күрделі.
Жазба тіл ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба 
тілінде құрмалас сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы 
терең сөздер жиі қолданылады. 
Формальды. 
Академиялық жазылым барысында қысқарған сөздер мен 
диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу үлгілерін қолдануға 
болмайды. 
Нақты. 
Академиялық жазылымда ақпарат нақты көрсетіледі. Мысалы, 
«көптеген адамдар» дегеннің орнына «50 адам» деп нақты санын көрсету 
қажет. 
Объективті.
Академиялық 
жұмыс субъективті пікірге сүйеніп 
жазылмайды. Яғни біржақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға 
бағытталмауы керек. Тек ғылыми негізі бар тұжырым жасауды мақсат етуі 
қажет. Сонымен қатар академиялық мәтінді оқу кезінде оқырманды автордың 



не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті 
«менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөз тіркестері қолданылмағаны 
абзал. Сонымен қатар жазба жұмысында «мен», «менің», «менікі» деген 
сөздерден аулақ болған жөн. Әдетте, оқырман сілтеме жасамаған ойды 
автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Бірақ оны мәтінде ерекшелеп 
көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы: «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған 
зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына «Жақсы жазылған 
зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «сіз», «сен» деген сілтеу 
есімдіктерін қолданбаған дұрыс. Мысалы: «Сіз 1990 жылдардың басында 
Қазақстан экономикасының қиын кезеңді бастан кешіргенін білесіз» деген 
сөйлемнің орнына «1990 жылдардың басында Қазақстан экономикасы қиын 
кезеңді бастан кешірді» деп қолданған жөн. 
Шектеулі. 
Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана 
қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты 
жазу оқырман қызығушылығының жоғалуына және жұмыс сапасының 
төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ЖОО-да жазба жұмысы тапсырма 
ретінде берілгенде, тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай, 
оқытушы оның көлемін белгілеп береді. 
Жауапты.
Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі қателер 
мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі жауап береді. Сонымен 
қатар плагиатқа жол бермеуі керек. Біреудің пікіріне не сөзіне сілтеме 
жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын қаперден шығармауға тиіс. 
Сонымен, 
академиялық жазылымның мынадай ерекшеліктері бар: 
-
объективті түрде жазылады; 
-
ғылыми стильде жазылады; 
-
жүйелі құрылыммен жазылады; 
-
сілтемелерді жиі қолданады. 
Академиялық мәтін ешқашан субъективті болмауы тиіс. Мысалы, 
«Менің ойымша, басқа жазылымдарға қарағанда академиялық жазылымның 
төрт айырмашылығы бар» деген сөйлемді объективті түрде былай беруге 
болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 
төрт айырмашылығы бар екенін байқауға болады».
Жалпы студенттер субъективті ой-пікірін дәрісте, оқылым арқылы 
қандай да бір ойды тұжырымдауда, практикалық сабақтардағы талқылауда 
ашық айта алады және оның маңызы өте зор. Себебі студенттің өз ойын ашық 
айтып, дәлел-дәйектермен жеткізуі объективті ойының қалыптасуына негіз 
болады. 
Академиялық жазылымда сөйлем құрылымы да ерекше болады. Ол 
ғылыми стильге тән белгілерді басшылыққа алады. Ал әдеби жанрда және 
публицистикалық бағытта кез келген формадағы сөйлем түрін қолдануға 
болады. Мысалы, «Түн. Айнала тастай қараңғы». Мұндай сөйлемдер 
оқырманға эмоциялық әсер сыйлап, көркемдік қызмет атқарады. Ал 
академиялық сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты 



ақпарат беруді көздейді. Сондықтан 
академиялық құрылыммен жазылатын 
сөйлемдердің негізгі мақсаты
– берілетін ақпаратты түсінікті, дәлелді түрде 
анық жеткізу.
 
Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет