З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет6/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Академ

Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым пәнінің негізгі 
мақсаты
– студенттердің ғылыми стильде жазу деңгейін көтеру. Осы 
мақсатта студенттер үшін академиялық жазылым төмендегідей дағдыларды 
қалыптастырады: 
-
ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы; 
-
мәтін жүйесінің логикалық мәнде болуы; 
-
тақырыптың тұтастығы; 
-
ғылыми стиль талаптарын сақтауы. 
Ал академиялық жазылымның негізгі талаптары: 
-
зерттеу тақырыбының болуы; 
-
зерттеу сұрағының болуы; 
-
плагиат ережесін сақтауы; 
-
ғылыми мәліметтерді қолдануы; 
-
кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы; 
-
аңдатпаның болуы (шағын эсселерге бұл міндетті емес). 
Қорытындылай келе, академиялық мәтінді оқу арқылы студенттер тілді, 
ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарын меңгереді, зерттеу жұмысын 
жүргізудің кейбір қағидаларымен танысады, мәліметтерді жинау мен талдау 
әдістерін, нәтижелерді баяндау жолдарын, ғылыми еңбектерді оқу мен оларға 
конспект жасау ережелерін үйренеді. Сонымен қатар пәнді оқу арқылы өзін-
өзі басқару (мақалаларды оқу не жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану), 
жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу, соңғы мәтін нұсқасын 
тексеру мен түзету сияқты дағдыларды қалыптастыруға болады. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Ұлы ойшылдардың ғылымның мәні туралы айтқан 
пікірлерінің қайсысымен келісетіндеріңізді, қайсысымен келіспейтіндеріңізді 
дәлелдеңіз. 
 
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы 
құрбы, жақсы ұстаздан болады. 
Абай Құнанбайұлы 
 
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды 
орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. 
Әбу Насыр әл-Фараби 
 
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, 
талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері 
дәрежесіне дейін көтеріледі. 
Қаныш Сәтбаев 
 


12 
Ғылым үшін тіл мен жазу – қаймағы алынбаған мәдени игілік. 
Олжас Сүлейменов 
 
Ғылым фантазиямен қанаттанса жеңіске жетеді. 
Майкл Фарадей 
Келісемін 
Келіспеймін 
2-тапсырма. Берілген мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз. 
1.
Тағы бірде киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жайғасып
баппен қымыз ішіп отыр екен. Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.
Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Саған аталарыңа сәлем беруді 
ұмытпа дегенім қайда?!» - деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден 


13 
шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. 
Көпшілікке қол қусырып тұрып, «Ассаламағалейкум, аталар» деп әр сөзді 
қадап-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз 
етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Уағалейкумассалам!» десті. Содан соң 
әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтады. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің 
тізесін ала жайғастым. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге 
кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», - 
дейтін. 
2. M2M технологиялары әртүрлі салаларда табысты қолданылады. 
Қазіргі заманғы ақылды қалалар М2М коммуникацияны жаһандық 
пайдалануды білдіреді. Әртүрлі жүйелердің өзара байланысы көптеген 
пайдалы және толық автономды шешімдер жасауға мүмкіндік береді. 
Мысалы, деректерді камерадан жол қозғалысын басқару жүйесіне беру 
бағдаршам сигналын ауыстырып қосу уақытын қолданыстағы трафикке және 
автомобильдерді магистральдарға бөлуге сәйкес реттеуге мүмкіндік береді. 
3. Үстіміздегі жылдың 13 сәуір күні дәстүр бойынша Ғұмарбек Дәукеев 
АЭжБУ тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен І курс студенттері 
арасында қазақ тілінен университетішілік олимпиада болып өтті. 
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, әр мамандықта оқитын 
дарынды және талантты студенттерді анықтау мақсатында өткізілген
білім сайысына 28 студент қатысты. Олимпиадада студенттер екі кезең 
бойынша бақ сынасты. 
4. Машиналық оқыту – жасанды интеллектінің бір түрі. Ол 
компьютерлерге нақты бағдарламаланбай-ақ үйренуге мүмкіндік береді. Бұл 
машиналық есептерді шешуге арналған әртүрлі алгоритмдер. Мәселенің 
түріне байланысты машинаны оқытудың қолайлы алгоритмін таңдауға 
болады. Ол жаңа деректерге ұшыраған кезде нәтиже бере алатын 
компьютерлік бағдарламаларды жасауға бағытталған. 
3-тапсырма. Төменде жіктеу есімдіктерімен берілген сөйлемдерді 
академиялық тұрғыда қайта жазыңыз. 
1.
Мен алдағы уақытта аталған мәселені тереңірек қарастырамын. 
2.
Менің ойымша, зерттеу нәтижесі мәселенің шешімін табуға мүмкіндік 
береді. 
3.
Біздің пайымдауымызша, Кальвин циклінің реакциялары жарыққа 
тікелей тәуелді емес. 
4.
Мен зерттеу жұмысын жүргізу арқылы 
кейінгі үшінші сынақ кезіндегі 
екпенің тиімділігі 95 пайыз 
деген тұжырым жасадым. 
4-тапсырма. 
Академиялық 
жазылымда 
мыналардың 
қайсысы 
қолданылатынын табыңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет