4
жазба жұмысының дұрыс жазылу құрылымын, ауызша таныстырылымдар
құрастыру дағдыларын меңгереді.
Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым пәні тезис,
ғылыми мақала, дипломдық жобаны жазудың әдістемелік және әдіснамалық
мәселелерін, атап айтқанда, терминологияға қойылатын талаптарды,
библиографиялық аппаратты, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған
материалдар жинақтау мен сипаттауды қамтиды. Ғылыми жоба жазу барысы
шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді: 1) алдын ала кезең; 2) жұмысты
жазу мен ресімдеу; 3) жобаны қорғау. Бұл кезеңдер теориялық және
практикалық материалдың мазмұны мен баяндау логикасын анықтайды.
Оқу құралында ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық
сауаттылық талаптарына қойылатын стандарттарға сүйене отырып, ғылыми
жанрдың түрлерін мазмұндық, құрылымдық, техникалық тұрғыдан
ресімдеудің ережелері берілді.
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттер игерген теориялық білімді
тәжірибелік тұрғыда қолдана алуда, сонымен қатар студенттер оқу үдерісі
шеңберінде немесе одан тыс түрде де ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы
арқылы да өз біліктіліктерін арттыруда көмектеседі.
Бакалавриатты бітіруші болашақ мамандарға зерттеу жұмыстарын жазу
барысында оқу құралының көмегі тиер деген үміттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: