11.1.2 Рефераттың құрылымы
Кіріспе.
Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын
тақырыптың деректері (атауы, қайда, қашан жарияланғандығы туралы)
145
берілуі, автор туралы мәліметтер (аты-жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі,
ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған тақырыптың қарастыратын
мәселесі ашылады.
Негізгі бөлім.
Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер дәйектеледі.
Қорытынды.
Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы қорытынды
жасалады.
Рефераттың мынадай белгілері болады:
-
реферат мазмұны реферат жазылатын дереккөздің мазмұнымен
толықтай байланыста болады;
-
негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей нақты
мазмұндалады;
-
тұрақты құрылымы болады.
11.1.3 Рефераттың стилі
Рефераттағы баяндау стилі қысқа және дәл болуы тиіс. Мысалы,
«Көптеген ұзақ тәжірибелер нәтижесінде авторлар келесідей тұжырым
жасаған ...» деген ұзақ сөйлемді бір сөзбен «Анықталғандай...» деп қысқартып
жазған абзал. Алдыңғы жұмыстарда баяндалған мәселенің жалпыға мәлім
фактілері мен тарихын рефератта жазудың қажеті жоқ. Рефераттың негізгі
бөлігінің мәтіні, әдетте, жұмыстың мәнінен басталады.
Рефераттар
аса
маңызы бар, ерекше көңіл бөлінеді, мәселе көтеріледі, мынадай
тұжырымдарға келдік, зерттеліп отырған мәселе, аталған мәселе
және т.б.
сияқты стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың
тілдік және стильдік ерекшеліктеріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен
тілдік оралымдар, клишелер жатады. Рефераттағы материалды беру мен ойды
жеткізудің өз логикасы бар, материалды мазмұндаудың белгілі бір
объективтілігі болады. Мұның бәрі автордың лексикасының жеткіліксіздігінен
емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен (терминдер,
оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы материалдар) байланысты.
Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек.
Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады:
-
зерттелген тақырып бойынша автор білімінің тереңдігі (қарастырылған
мәселенің қазіргі заманға лайықтығы мен өз уақытында орындалуы, автордың
зерттелген мәселенің өзектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі,
дереккөздерге сілтеме беруі, жұмыста зерттеу нәтижелері мен белгіленген
ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі);
-
реферат авторының жеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан
басқа жұмысты жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен
қарастырған мәселенің жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен
тақырыпты меңгеру деңгейі);
-
рефераттың
сипаты
(материалды
беру
логикасы,
автордың
сауаттылығы, жұмыстың дұрыс ресімделуі, рефераттың барлық стандартты
талаптарға сәйкестігі).
146
Дайын реферат оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Рефератты
бағалай отырып, оқытушы студенттің ғылыми-техникалық әдебиеттермен
жұмыс істеу, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды талдай білу, өз
пікірін дәлелдеу, сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу
дағдыларын ескереді. Егер реферат оң бағаланса, ол өткен тақырыптарды
толық меңгерді деп есептелінеді. Студент рефератты студенттің өзіндік
жұмысы қосымша сабағында қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |