Әрбір биогеценоздағы өзара байланыс әрқашан өзіндік ерекше сипатта болады, себебі бұл
биогеоценозды құраушы элементтерінің ерекшеліктеріне байланысты. Әр биоценоздың өзінің үш
түрлі белгісі болады: түр құрамы структурасы және тіршілік орны. Түр құрамы сол биоценоздағы
кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінен тұрады. Түр құрамын сипаттау үшін
фитоценологияда қолданатын таксономиялық өлшемдерді пайдаланады. Олар төмендегідей:
ассоциация, ассоциация топтары, формация, формация топтары, формация кластары, биоценоз
типтері. Ассоциация – биогеоценоздың кіші типологиялық өлшемі. Бұлар биоценоздағы түрлердің
біркелкілігімен, біркелкі структуралығымен және орта факторларының біркелкілігімен сипатталады.
Ассоциация алып тұрған участоктың мөлшері жүздеген квадрат метрмен, кейде бір квадрат км, тіпті
ондаған км
2
өлшемімен есептеледі. Бір ассоциацияның шекарасы, екінші ассоциациямен шектесіп
жатады. Микроклиматтың ерекшеліктері ассоциация участоктарының әр түрлі болуына әсерін
тигізеді. Құрамы бірдей биоценоздар тек ярустарда ғана айырмашылығы бар ассоциациялар тобын
құрайды. Барлығына бірдей тән эдификаторлары бар ассоциация топтары формация құрайды
өсімдіктердің бір –бірінен айырмашылығы болғандықтан тундыра, орман, дала т. б. зоналар деп
бөлінеді. Зональды факторлардың әсеріне байланысты биогеоценозды 3 категорияға бөлуге болады.
Зональды биогеоценоз, сол зонаға тән. Бұлардың тіршілік ету орындары әдетте бірдей.
Биогеоценоздың интразональды типі. Белгілі бір табиғи зоналарды құрамайды, бір зонаның
ішінде жеке бөлімдер құрап, жеке участоктар түрінде таралады.
Биогеоценоздың экстразональды типі. Белгілі бір табиғи зоналарға тән кейбір табиғи
құбылыстардың (топырақтардың, өсімдіктердің, ландшафтың) әсерінен өз зонасынан асып басқа
зонаға тарайды. Мысалы: дала өсімдіктерінің орман зонасына еніп кетуі.
Кейбір биогеоценоздар өз алдына жеке зона құрай алмайды. Мысалы: зонасыз өсімдіктер –
ешбір жерде және ешқандай жағдайда өз алдына зона бола алмайтын өсімдіктер. Бұлар зоналық
өсімдіктер ішінде және барлық зоналарда кездесуі мүмкін. Мысалы, жайлым шалғыны, құм
өсімдіктер.Солтүстіктен оңтүстікке қарай биогеоценоздар және зоналар төмендегінше ауысып
отырады – тундыра – қоңыржай полюстың қылқанды ормандары – қоңыржай ендіктің жалпақ
жапырақты ормандары - дала – шөл – лаврды және қанатты жапырақты ормандар және бұталар –
саванналар – тропиктік ормандар және құрғақ кезде жапырағын түсіріп тұратын бұталар – ылғалды
тропиктік орман.
Әртүрлі орта факторлары, мысалы температура және жауын – шашын биогеоценоздың таралуына
үлкен әсерін тигізеді. Географиялық қабықтардың ірі бөлімдерінің бірі – географиялық жылылық
белдеулері. Бұл жылылық белдеулердің ішінде негізгі табиғи бөлімдер – географиялық зоналар –
қалыптасады. Географиялық табиғи зоналар – өз алдына өсімдіктермен, жануарлармен сипатталатын
климаттық зоналар.
Географиялық зоналардың жер бетіне таралуын төмендегідей көрсетуге болады:
№
Жылылық
белдеулері
Географиялық зоналар
(немесе облыстар)
1
Достарыңызбен бөлісу: