беткейлерінде кездесетін тастық қорымдар (қорымдар – таулардың етегі мен беткейлерінде тау
жыныстарының үгілуінен және бұзылуынан пайда болатын кесек тастар жиынтығы ) т. б.
1935 жылы Американың эколог – геоботаник ғалымы Тенсли белгілі бір жердегі тірі
организмдер мен өлі табиғаттың қарым – қатынасының жиынтығы экосистема деген атауды
ұсынады. Экосистемаға мысал ретінде көлді алуға болады. Экосистема биогеоценозға қарағанда
әлдеқайда ірі , көлемі де шексіз түсінік болып табылады (көлді аумағы да , минералдануы да , тереңдігі
де әр түрлі болуы мүмкін т.б.).
Ұқсас биогеоценоздар бір – бірімен тығыз байланыста дамып , қоршап тұрған айналадан
бөлінетін өзіне тән табиғи сипаты бар ерекше аумақ құрайды. Биогеоценоздар ( фациялар) және
аумақтар ландшафтың морфологиялық бөлігі болып саналады. Өзіндік топырағы , атмосферасы бар
белгілі бір биогеоценозбен жабылып жатқан және бір ғана тау жыныстарынан қалыптасқан рельефтің
белгілі бір элементін ландшафт деп атайды.
С.В.Колесниктің анықтамасы бойынша ландшафт жердің географиялық қабығының
бірсыпыра кеңістігінде адамның іс – әрекетінің және органикалық дүниенің, сулардың, топырақ,
климат, геологиялық құрылысының қайталануындағы рельефтің үйлесімділігінің диалектикалық
тұтастығы болып табылады.
Геохимия тұрғысынан қарағанда ландшафт - күн энергиясының әсерінен литосферадағы,
гидросферадағы, атмосфералық химиялық элементтер тасымалданатын жер бетінің бөлігі. Ландшафт
аумақтардан тұрады, ал күрделі және қарапайым аумақтар биогеоценоздардан немесе фациялардан
құралады.
Организмдер мен биогеоценоздардың жер бетінде таралуы орта жағдаймен анықталады. Орта
дегеніміз – организмдер мен биогеоценозды қоршап тұрған сыртқы жағдайлар. Организмдердің
өсуіне, дамуына, ұрпақ қалдыруына тікелей әсер етуші ортаның әсерлерінің жиынтығын экологиялық
факторлар дейді (гректің «ойкос» - үй). Бұл терминді (атауды) алғаш рет 1869 жылы неміс ғалымы
Э.Геккель ұсынған болатын. Организмнің тіршілік етуі және өсуі үшін қажетті факторлардың
жиынтығын тіршіліктік жағдайлар деп атайды (оттегі аэробты организмдер үшін тіршіліктік жағдай).
Әр түрлі организмдерде тіршілік ету жағдайлары түрліше, ол тіпті бір организмнің әртүрлі даму
стадиясында түрліше болады (масалар мен шіркейлер ауада тіршілік етсе, олардың личинкалары суда
тіршілік етеді).
Экологиялық факторлар әрбір организмге үш түрлі әсер етеді: факторлар әсерінің минимальды
нүктесі (минимум) – бұл кезде экологиялық факторлардың әсері төмендейді де организмнің тіршілік
процесі тоқталады; максимальды нүктеде (максимум) факторлар әсері шамадан тыс жоғарылайды да
организмнің тіршілік процесіне керісінше әсер етіп, оның тоқталуына себепші болады.
№ 4 ДӘРІС. ТАҚЫРЫБЫ: БИОСФЕРА ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА
Достарыңызбен бөлісу: