6
халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау
механизмін қалыптастыру;
мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру;
оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасау және
олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы, мұғалімдерге білім
алушылардың ілгерілеуі туралы, ата-аналарға балаларының оқу нәтижелерінің
жетістік деңгейі туралы, басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы
объективті, үздіксіз және нақты ақпарат беру.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген критериалды бағалау жүйесі
бағалаудың екі түрін қамтиды: оқу жылы бойына оқушының дамуын қамтитын
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пәннің мазмұнына қарай
ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау
оқу процесінің ажырамас бөлігі болып
табылады және ол
оқу процесі барсында мұғалім тарапынан жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы
бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз кері байланыс
қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылардың қателесуге және
оны түзетуге мүмкіндігі бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын
табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу процесін түзетуге мүмкіндік
береді.
Тиімді оқу және оқыту мақсатында білім алушылардың оқу процесіндегі ілгерілеуін,
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Оқу бағдарламасындағы әр бөлімнің оқу
мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын
анықтайды.
Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау процесі стандартталмайды, яғни әр мұғалім
қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі негізінде дербес анықтай алады, оның нәтижесіне
қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудың
әр түрлі әдістерін қолдануы оқыту мен бағалау процесін байланыстырып, кіріктіруге
мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсатына жету мониторингін
жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе
күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған
жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі.
Қалыптастырушы бағалауда педагог білім алушылардың санын және кері байланыс
беру жиілігін өзі анықтайды. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері басып шығару мен одан
әрі сақтауды талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: