7
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің белгіленген
оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және
жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу процесін жоспарлау, рефлексия жасау және
өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-
әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім бойынша жиынтық
бағалау процесі білім алушының белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен
дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық
бағалау оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді:
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.
Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болып
табылады және ол оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен
тікелей байланысты. Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу
мақсаттарын басшылыққа алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер
тұрғысында анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: