Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
 
 
хатшы

37,9 % 
 
кітапханашы
 
36 % 
 
бет әрлеуші 
28,2 %
 
Төмендегі мамандықтар ең көп дауыспен 
әйелдердікі деген сипатқа ие болды: хатшы (37,9 
%), кітапханашы (36 %), бет әрлеуші
(28,2 %). Ең 
төменгі көрсеткіштерді құтқарушы (0 %), кенші (0 
%), жүргізуші (0%) мамандықтары иеленді.
Әйелдердің 0,9 % кеншінің, 0,8 % жүргізушінің 
және 0,3 % құтқарушының жұмысын өздері үшін 
мүмкін деп санайды. Ерлерге қарағанда әйелдер 
көбірек бухгалтерлікті өздеріне лайық мамандық 
деп біледі. Барлық ұлт өкілдерінің әйелдер үшін
ең қолайлы үш мамандыққа қатысты пікірлері 
өзара ұқсас: хатшы, кітапханашы, бет әрлеуші. 
Қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары 
әйелдерге 
лайық 
мамандықтар 
қатарына 
төмендегілерді көбірек жатқызады: аспаз - 15,4 
%, мұғалім - 13,6 %, дәрігер - 5,7 %. Ал қала 
тұрғындарының ойынша шаштараз - 11,5 % және 
кенші - 0,6 % мамандықтары әйелдерге қолайлы. 


 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
20
С.21. Егер солай ойласаңыз,
қандай мамандықтарды
ортақ деп санайсыз? 
 
 
дәрігер 
42,1 % 
 
басшы 
39,3 % 
 
мұғалім 
36,5 % 
Респонденттер ерлерге де, әйелдерге де лайық 
деп дәрігер (42,1 %), басшы (39,3 %) және мұғалім 
(36,5 %) мамандықтарын атап көрсетті. Барлық 
аймақтар дәрігер мамандығын бірауыздан екі 
жыныс өкілдері үшін де қолайлы мамандық 
ретінде санайды. Ер адамдар екі жыныс өкілдері 
үшін де лайық мамандық деп басшылықты таныса 
(33,9 %), әйелдер бірінші орынға дәрігерді қойды 
(46 %). Ең төменгі көрсеткіш кенші мамандығына 
тиесілі, оның пайдасына таңдау жасаған 
әйелдердің үлесі 2,8 % болса, ерлердікі 3,1 %. 
Фитнес-жаттықтырушы 
айтарлықтай 
жоғары 
нәтижеге ие болды: 18 - 30 жас аралығындағылар 
– 39,5 %; 31 - 45 жас аралығындағылар – 34,6 %; 
46 - 59 жас аралығындағылар – 30,3 %; 60 және 
одан жоғары жастағылар – 32,6 %. Дәрігерді 
жоғары білімділердің көпшілігі (44,6 %), ал орта 
білімі барлардың 38,2 % екі жыныс өкілдері үшін 
де лайықты мамандық деп санайды. Ең төменгі 
таңдауға кенші (жоғары білімділер - 3,1 %, орта 
білімділер - 2,9 %) мамандығы ие болды. Орыстар 
да (39,4 %), қазақтар да (43,3 %) бірінші орынға 
дәрігер мамандығын қойды. Ал басқа ұлт өкілдері 
үшін (41,5 %) бірінші орында басшылық
мамандығы тұр. Ауыл тұрғындары (50,9 %) мен 
қалалықтар (39,3 %) бірінші кезекте дәрігер 
мамандығын атап көрсетті. Ең төменгі орында 
кенші мамандығы. 
С.22. Сіздің ойыңызша Қазақстанда 
ерлер мен әйелдер бірдей кәсіби 
міндеттер үшін бірдей еңбекақы ала ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет