Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
23
D.27. Егер сіздің жақыныңызға 
(қызыңызға, қарындасыңызға, сіңіліңізге 
және т.б.) «қалыңдық ұрлау» дәстүрі 
қолданылса не істер едіңіз? 
 
 
 
 
 
43,1 % 
20,8 % 
5 % 
Мұндай жағдай орын алса, респонденттердің 
көпшілігі (43,1 %) көмек сұрап, полицияға 
жүгінеді екен. 20,8 % ол жайтқа амалсыз 
көндігетіндерін білдірсе, 5 % «Материалдық және 
моральдық нұқсан үшін күйеу жігіт тарапынан 
өтемақы төленуіне үміттенемін» деген жауапты 
таңдады. Демек олар ондай жағдайдың орын 
алуы 
мүмкін 
деп 
санайды. 
Алматы
тұрғындарының көбі (53,6 %), құқық қорғау 
органдарының, ал Астана тұрғындары (41,8 %)
ықпалды туыстарының көмегіне үміт артады. 
«Амалсыздан келісемін» деген жауапты ең аз 
таңдаған Астана қаласы болса (8,9 %), «қалыңдық 
ұрлауға» ең жоғары дәрежеде бой ұсынатын – 
Қарағанды қаласының тұрғындары (35,5 %). 
«Полицияға шағымданамын» деген жауапты 
таңдағандардың көбісі – әйелдер (46,6 %). Ерлер 
де көбінесе полиция көмегіне жүгінетіндерін 
айтса да, олардың арасында «Амалсыздан 
келісемін» (26,8 %) және «Туысқанымды үйге 
алып қайту үшін ықпалды туыстарымның 
көмегіне жүгінемін» (26,4 %) деген жауаптар да 
кездеседі. Жас санаты бойынша барлық топтар 
негізінен полицияға шағымданатындарын алға 
тартты. Жауаптардың ішінен ең сирек аталған 
«Материалдық және моральдық нұқсан үшін 
күйеу жігіт тарапынан өтемақы төленуіне 
үміттенемін» деген жауапты таңдаған 18 - 30 жас 
аралығындағы топтың өкілдері болды (5,9 %). 46 -
59 жас аралығындағы респонденттер «Басқа» 
деген жауапты (мысалы, туысқан қыздың өзіне
байланысты) таңдады (15,3 %). Бұл жерде сөз 
қалыңдықтың өз қалауын тыңдау туралы болып 
отыр, өйткені қалыңдық ұрлау салты кейде екі 
жастың өзара келісімі бойынша орын алады.
Жоғары білімді респонденттер көбінесе құқық 
қорғау органдарының көмегіне сенеді (45,9 %). Ал 
орта 
білімді 
респонденттердің 
арасында 
«Туысқанымды үйге алып қайту үшін ықпалды 
туыстарымның көмегіне жүгінемін» деген жауап 
нұсқасын таңдағандардың үлесі көп (26,6 %).
Этникалық деңгейде информанттардың басым 
көпшілігі «Полицияға шағымданамын» деген 
жауапты таңдады. Қала тұрғындарының да (42,8 
%), ауыл тұрғындарының да (44 %) көпшілігі 
ондай жағдайда құқық қорғау органдарына 
хабарласу қажет деген пікірді қолдайды. Ауылдық 
тұрғындар арасында «Амалсыздан келісемін» 
деген жауапты таңдағандар үлесі 6,6 %-ға көп.
D.28. Сіз Қазақстан Республикасының 
қылмыстық кодексінде «қалыңдық 
ұрлау» салтына қатысты қандай жаза 
белгіленгендігін білесіз бе? 
Респонденттердің басым көпшілігі «қалыңдық 
ұрлау» қылмысы үшін жаза бар екендігінен 
бейхабар. Тек 8,5 % ғана ҚР қылмыстық 
кодексiнiң тиiстi бабынан хабардар. 3,9 % ондай
жазаның жоқ екендігіне сенімді. Орал (57,4 %), 
Қарағанды (56 %), Шымкент тұрғындары (54,8 %) 
«қалыңдық ұрлау» үшін жаза бар екендігін 
білмейді. Респонденттердің көпшілігі «Естуім бар, 
бірақ нақты ештеңе айта алмаймын» деген 
жауапты атап көрсетті. Және бұл жауапты 
көрсеткендер Семей қаласы тұрғындарының 
арасында көп (35,6 %). Әйелдердің 48,2 %, ер 
адамдардың 48,1 % қалыңдық ұрлауға қатысты 
жаза туралы ештеңе білмейді. Әйтсе де 
әйелдердің 10,1 %, ерлердің 6 % нақты бапты 
атап бере алады. Респонденттердің көпшілігі 
«қалыңдық ұрлау» қылмысы үшін жаза бар екенін
білмесе де, 31 - 45 жас аралығындағы топтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет