Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
 
 


 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
45
Қорытынды 
 
Мемлекеттің гендерлік саясаты барлық салаларда 
гендерлік 
теңдікті 
ең 
жоғары 
деңгейде 
қамтамасыз ететін жаңа қоғамдық қатынастарды 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін нормалар мен 
стандарттар, даму бағыттары мен шеңберлері, 
шектеулер мен еркіндіктерді белгілеуге тиіс. Оған 
аталмыш қоғамда өндірістің белгілі бір жолы 
арқылы қабылданған стереотиптер мен нақты 
тарихи қатынастар, көзқарастар, ережелер жүйесі 
кедергі болады. Нақты гендерлік теңдік кейбір 
заңдық, әлеуметтік немесе психологиялық 
теңсіздікпен байланысты болуы мүмкін. Гендерлік 
теңдік сөзсіз гендерлік иерархияға әкеледі. Бұл 
жайт кейбір мамандықтар мен кәсіптердің 
қоғамдық 
маңыздылығын, 
төленетін 
ақы 
мөлшерін, мәртебелілік деңгейін өзгертуге тиіс. 
Мемлекет әзірше бөтен баланың балабақша мен 
мектепте тәрбиеленуі мен оқуын ақылы және 
қоғамдық тұрғыдан пайдалы жұмыс ретінде, ал өз
балаңның үйдегі тәрбиесін отбасылық бюджеттен 
қаржыландырылатын жеке бастың шаруасы 
ретінде бағалап отыр. Гендерлік саясат ақырында 
қоғамдағы гендерлік қатынастардың теңгеріміне
әкелуге тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттің әйелдерге 
қатысты саясаты гендерлік саясаттың құрамдас 
бөлігі бола алады.
Гендерлік саясат 
мәселелерінің ауқымына 
гендерлік саясаттың негізгі субъектілері мен 
олардың көзқарастары, саяси өкілдік пен 
азаматтық қоғам аясы арқылы жүзеге асатын 
әйелдер мен ерлердің саяси іс-әрекеттері жатады.
Жүргізілген сараптама нәтижелерінің бірі –
сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі гендерлік 
саясатты нысаны көбінесе әйелдер болып 
табылатын 
мемлекеттік 
іс-әрекетпен 
байланыстырады. Әдетте әйелдер тәжірибесі мен 
соған сай келетін мысалдар алынатындықтан 
ақырында 
тек 
қана 
әйелдерге 
қатысты 
кемсітушіліктер анықталады.
Мұны «әйелдік» және «гендерлік» саясат
категорияларын әртүрлі ұғынуды анықтаумен 
түсіндіруге болады. Біздің ойымызша, стратегия
халықтың ерекше әлеуметтік-демографиялық
тобы ретіндегі әйелдердің мүдделерін ескере 
отырып, ең алдымен мемлекеттің дәстүрлі 
гендерлік саясатын ауыстыруға емес, оны
толықтыруға міндетті. Мұндай екі тәсіл қоғамда 
жыныстардың теңдігіне қатысты жағымды 
бұқаралық пікір қалыптаса бастағанға дейін қатар
жүруі мүмкін.
Сөйтіп мемлекеттік гендерлік саясат дегеніміз 
ерлер мен әйелдердің тең құқықтығын құру, 
дамыту, қолдау және қорғауға бағытталған 
шаралардың дәйекті жүйесі. Бұл жүйе нақты 
нәтижелерде көрініс табуға тиісті. Қазіргі 
қазақстандық қоғамда тиімді гендерлік саясатты 
жүзеге асыру үшін халыққа гендерлік құқықтар 
мен еріктерді оқытып, гендерлік білім мен 
гендерлік 
ақпаратпен 
жеткілікті 
деңгейде 
қамтамасыз ету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет