ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 39
де, әйелдердің де басым бөлігі еңбек
нарығының
гендерлік
сипатын
жоққа
шығарады.
Сауалнамаға
қатысушылардың
көпшілігі
кенші, қарауыл және құтқарушыны ерлерге
тән мамандықтар деп біледі. Тек әйелге ғана
тән мамандықтар ретінде хатшы, кітапханашы
және бет сәндеуші атап көрсетілді. Әйелдерге
мүлде лайық емес мамандықтар қатарында
құтқарушы, кенші және жүргізуші аталды. Ал
дәрігер, басшы және мұғалім гендерлік
тұрғыдан бейтарап мамандық деп саналады.
Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі
Қазақстанда бір мамандық бойынша ерлер
мен әйелдер бірдей жалақы алады деген
пікірде. Бұл мәселе жөнінде білмейтіндердің
және ойланбағандардың үлесі жоғары. Бұл
жайт респонденттер Қазақстандағы кірістердің
орташа деңгейіне сараптама жасамаған,
еңбек
нарығында
гендерлік
сипаттағы
асимметрия
бар
екендігін,
әйелдердің
айналысуына тыйым салынған мамандықтар
тізімі болатындығын, ерлер мен әйелдерді
жұмысқа қабылдау мен олардың қызметін
бағалауда
ерекшеліктер
бар
екендігін
түйсінбейді деп жорамалдауға итермелейді.
Сауалнамаға қатысушылардың 49,4 % неке
қиылғанға дейінгі жыныстық қатынастарға
жол беруге болмайды деген пікірде. Жауап
берген ерлердің де, әйелдердің де басым
бөлігі некеге дейінгі жыныстық қарым-
қатынасқа
қарсы.
Жыныстық
қарым-
қатынасқа деген екіжүзді көзқарас – бұл
дәстүрлі моральға негізделген қоғамда
шешілуі
қиынға
соғатын
проблема.
Сексуалдық
тақырыптағы
қоғамдық
наразылықтарға
тыйым
салу,
адамның
сексуалдық болмысын түсіну мен суреттеуге
қатысты дискурстың жоқтығы халықтың
сексуалдық тұрғыдан денсаулығы саласында
үлкен жағымсыздықтарға әкеліп соғары хақ.
Некеге тұруға ең қолайлы жас ерлер үшін 26 -
30, ал әйелдер үшін 20 - 24 жас. Өйткені бұл
жастағы ерлер мен әйелдер өздеріне
отбасылық міндеттердің жүктелуіне дайын
болады. Қазақстандықтардың неке үшін лайық
жасқа қатысты да таптаурын көзқарастары
байқалады. Ол бойынша ер адам жасы
жағынан үлкен және әлеуметтік тұрғыдан
тұрақтанған, ал әйел ең бастысы жас болуы
керек.
Қазақстандықтардың
«қалыңдық
ұрлау»
дәстүріне қатысты көзқарастарын саралау
барысында респонденттердің көпшілігі (43,1
%) полиция көмегіне жүгінетінін білдік. Ондай
жағдайға амалсыз бой ұсынатындардың үлесі
де айтарлықтай жоғары (20,8 %). 5 %
«Материалдық және моральдық нұқсан үшін
күйеу жігіт тарапынан өтемақы төленуіне
үміттенеді». Демек олар аталмыш жағдайды
ықтимал әрі оған жол беруге болады деген
ойда. Ондай жайтқа бой ұсынатындардың
көпшілігі – ауылдық елді мекендердің
тұрғындары.
Жауап берушілердің басым бөлігі «қалыңдық
ұрлау» қылмысына қатысты жаза бар екенінен
бейхабар. Тек 8,5 % ҚР ҚК 125 бабы бар екенін
білсе, информанттардың 3,9 % ондай жазаның
жоқ екендігіне сенімді. Әйелдердің 48,2 %,
ерлердің 48,1 % қалыңдық ұрлау үшін белгілі
жаза бар екендігінен хабарсыз.
Ата-анасы қарсы болған жағдайда қыздың
тұрмыс құруына бола ма деген сұраққа
респонденттердің басым бөлігі «Білмеймін/
жағдайға байланысты» деген жауап нұсқасын
көрсетті. 35,1 % «Жоқ, қажеті жоқ болу керек»
деп санаса, бар болғаны 19,9 % қыздың ата-
анасының еркiне қарсы шығуын қолдайды.
Бұл факт ұрпақтар арасындағы қарым-
қатынастар иерархиясын, әйелдің екі жыныс
жағынан да жасы үлкен жақындарына
бағыныштылығын көрсетеді. Ерлерге қатысты
тура
осындай
сұрақтың
жауаптарын
салыстырып қарағанда пікірлердің тең екіге
бөлінгенін көреміз: 27,4 % ондай некені
мүмкін емес деп тапса, 27,4 % сол сәттегі
шарттарға байланысты мүмкін деген пікірді
білдірді.