Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет51/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
41
саясаттануды гендерлік сипаты ең аз пән 
ретінде атап көрсетті.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 
ойынша ерлер мен әйелдер бірдей деңгейде
сырқаттанады. Бірақ олар «салауатты өмір 
салтын ұстану», «темекі мен ішімдіктен бас 
тарту», «тегін медициналық тексеруді енгізу» 
секілді таптаурын нұсқаларды атап көрсеткені 
болмаса, аталмыш проблеманы шешу үшін 
қандай да бір инновациялық тәсілдер ұсына 
алған жоқ. Назар аударуға тиіс бір жайт
ерлердің басым бөлігінің әлі күнге дейін өз 
денсаулығын 
капитал 
ретінде 
танып-
білмейтіндігі, ер адамдардың қаншалықты жиі 
және 
қандай 
себептерден 
болып 
ауыратындығына көп ой жүгіртпейтіндігі 
болып табылады.

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің 
ойынша көбінесе әйелдер мен олардың 
балалары зорлық-зомбылықтың құрбанына 
айналады. Ер адамдардың да зорлықтың 
құрбаны 
болатындығы 
туралы 
дерек 
бұрынғыдай 
жоққа 
шығарылады. 
Информанттардың бар болғаны 2,8 % ондай 
жағдайдың орын алатындығын мойындады. 
Зорлық-зомбылықтың 
ең 
көп 
тараған 
түрлерінің қатарында денелей (66,5 %), 
психологиялық (57,7 %), сексуалдық зорлық 
(45,9 %) атап көрсетілді. Тек 19,8 % 
респондент экономикалық зорлықты атады.

Зерттеу барысында алынған жауаптарды 
саралау 
информанттардың 
80,1 

педофилияны зорлықтың бір түрі ретінде 
танып-білетінін көрсетті. Респонденттердің 
12,6 % ол туралы мүлде ойланбаған. 4,4 % 
педофилдікті ауру деп танып, оны зорлықтың 
түріне 
жатқызуға 
күмәнданса, 
2,7 

зорлықтың түрі емес екендігіне сенімді. 
Зерттеу деректері 35,2 % респонденттердің 
елдегі педофилия құбылысының өсіп кетуін 
психикасы бұзылған, моральдық қасиеттері 
төмен 
адамдар 
санының 
көбеюімен 
байланыстыратынын көрсетеді. Сауалнамаға 
қатысушылардың қалған 43,8 % педофилия 
құбылысының кеңінен таралуына сонымен 
қатар балаларды қорғау мәселесі бойынша 
заңнамалардың тиімсіздігі мен ата-ананың 
бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігінің 
төмендігі 
әсер 
етеді 
деп 
санайды.
Респонденттердің 
9,7 

педофилия 
құбылысының БАҚ-та тым көп айтылып, 
жарнамалауынан деп білсе, 8,8 % оны батыс 
мәдениетінің әсерінен көреді.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде 15 - 19 
жастағы қыздар арасындағы жасөспірімдердің 
өзіне-өзі қол жұмсауы бойынша неге жоғары 
орында және оның себебін зорлық-
зомбылықтың кең таралуынан көруге бола ма 
деген сұраққа жауап беру барысында 
респонденттердің 35 % бұл пікірмен 
келісетіндігін білдірсе, 34 % бұл сұрақтың 
жауабын білмейтінін айтты. Респонденттердің 
39 % зорлық-зомбылықпен мемлекет, 28 %
полиция, 22 % азаматтық қоғам күресуге тиіс 
десе, 11 % бұл проблеманы адамның өзі 
шешуі керек деп санайды. Ерлер де (79 %), 
әйелдер де (76,6 %), сонымен қатар барлық 
этникалық топтар да зорлық-зомбылықпен 
мемлекет күресуге тиіс деп біледі. Барлық жас 
топтары 
зорлық-зомбылықпен 
күресте 
мемлекет пен полицияға үміт артады. 
Қалалықтар да, ауылдықтар да (78,1 %, 75,3 %) 
зомбылықпен күрес үшін мемлекет жауапты 
деп санайды.

Респонденттердің 36 % зорлық-зомбылық 
құрбандарын 
қорғаудағы 
полиция
жұмысының нәтижелігіне сенімді емес болса, 
26 % бұл мәселе туралы ойланбаған, 22 % 
полиция 
ондай 
жұмысты 
нәтижелі 
атқармайды деп біледі. Респонденттердің тек 
16 % ғана полицияның тиімді жұмысына 
сенеді.

«Сіздің ойыңызша Қазақстанда ерлер мен 
әйелдер көбірек тең құқылы болуы үшін 
қандай шаралар қолданылуы керек?» деген 
сұраққа 
өкінішке 
қарай 
сауалнамаға 
қатысушылардың 76,1 % Қазақстандағы ерлер 
мен әйелдердің жағдайын жақсарту үшін 
өзіндік ұсыныстар жасай алмады. Бұл факт 
бізге гендерлік саясат туралы көзқарастарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет