ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 5
Бөлім А. Жалпы мәліметтер
A.1. Сіздің ойыңызша Қазақстанда
ерлер мен әйелдер арасында
теңсіздік бар ма?
Қос жыныс өкілдері арасында теңсіздіктің бар-
жоқтығына қатысты қойылған сұраққа берілген
жауаптардың
жалпы
көрінісі
оның
қазақстандықтар өмірінде белгілі бір дәрежеде
бар екендігін білдіреді. Бірақ респонденттердің
көпшілігі (37,1 %) «Жоқ, бізде барлығы тең» деген
нұсқаны, 14,4 % «Иә, өте жоғары деңгейде» деген
нұсқаны таңдады. Респонденттердің бұл сұраққа
берген
жауаптарында
аймақтық
деңгейде
айырмашылықтар бар екендігін айтуға болады.
Бұл жайт қызметтің әр түрлі саласындағы еңбек
бөлінісіне тән ерекшелік пен этномәдени
факторлардың әсерін көрсетеді. Жауаптарды жас
мөлшеріне қарай саралағанда барлық жас санаты
бойынша «Жоқ, бізде барлығы тең» деген жауап
үстем шықты. Орта білімді респонденттерге
қарағанда жоғары білімділердің ішінде «Иә, бар,
бірақ айқын емес» (30,7 %) және «Жоқ, бірақ
кейде байқалып қалады» (19,7 %) деген
нұсқаларды таңдағандардың үлесі жоғарырақ.
Сауалнамаға
қатысқан
орта
білімділердің
арасында «Жоқ, бізде барлығы тең» деген
жауапты таңдағандардың үлесі көп - 40 %.
Гендерлік теңсіздіктің бар екендігін ауыл
тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары
көбірек айтады. Аталмыш сұраққа берілген
жауаптарды
саралау
қазақстандықтардың
гендерлік
теңсіздіктің
бар
екендігін
мойындамайтындығын көрсетеді. Ал бұл жайт
гендерлік саясатты және гендерлік теңдік
стратегиясын жүзеге асырудың қажеттілігіне
күмән тудырады. Бірақ гендерлік теңсіздіктің бар
екендігін жоққа шығару оның қандай әлеуметтік
факт екендігі мен қандай салдары бар екендігі
туралы білімнің жоқтығымен байланысты болу
керек деп болжам жасауға болады.
A.2. Егер бар болса, неден байқалады?
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі - 31,4 %
теңсіздіктің басты көрсеткіші ретінде «Үй
шаруасының бөлісін» таңдады. Олар көбінесе
әйелдер атқаратын еңбектің бұл түріне ақы
төленбейтіндігін
әрі
оның
ауыр
болып
саналмайтындығын, сөйте тұра уақыт пен күш-
қуатты талап ететіндігін мәлімдейді. Аймақтар
деңгейінде
сауалнамаға
қатысқандардың
көпшілігі теңсіздік көрсеткіші ретінде осы «Үй
шаруасының бөлісін» атап көрсетті. Екінші орынға
«Балалар мен қарттарды бағып-қағу» деген нұсқа
ие болды. Жас санаты бойынша барлық топтарда
көпшілік тағы да осы екі нұсқаны – «Үй
шаруасының бөлісі» және «Балалар мен
қарттарды бағып-қағу» – таңдады. Жоғары білімді
респонденттер арасында «Үй шаруасының
бөлісін» атап көрсеткендер көп, өйткені әдетте
адамның білім деңгейі оның үйден тыс
қызметпен қаншалықты көп айналысатындығын
көрсетеді.
Көп
этностыққа
қарамастан
отбасындағы гендерлік рөлдердің дәстүрлі түрде
бөлінуі барлық әйелдерді қамтиды. Берілген
жауаптардың
тұрғылықты
жерге
қатысты
бөлісіндегі айырмашылық барлық көрсеткіштер
бойынша төмен деңгейде. Бұл дерек адамдардың
өмір сүру салтындағы, қала мен ауыл арасындағы
тұрмыс
формаларындағы
шекаралардың