ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
7
31 - 45 жас
43,8 %
46 - 59 жас
45,8 %
Гендерлік саясат туралы сауаттылығы ең жоғары
деңгейдегі топ – 31 - 45 (43,8 %) және 46 - 59 (45,8
%) жастағылар. Жоғары білімділердің арасында
гендерлік саясат туралы білетіндердің пайызы 2
есеге артық – 45,3 %. Сауалнама нәтижелері
гендерлік саясат
туралы білім деңгейінің
адамдардың тұратын жеріне байланысы жоқ
екендігін көрсетті. Қала тұрғындарының арасында
білетіндердің пайызы жоғары екеніне қарамастан
(38,3 %) ауылдық елді мекендерде «Естуім бар»
дегендердің үлесі де соған таяу болды (32,3 %). Ал
қала
тұрғындарынан
соңғы
жауапты
таңдағандардың үлесі 26,3 %.
Информанттардың гендерлік саясат жайында
біліп-білмеуге қатысты пікірлерінің іс жүзінде
теңдей бөлінуі қазақстандықтардың гендерлік
саясаттың не екендігі жөніндегі білімдері айқын,
нақты еместігін
және ҚР гендерлік теңдік
стратегиясының
бар
екендігі
олардың
хабардарлығына ешқандай әсер етпейтіндігін
көрсетеді.
A.5. Осы сөз тіркесін қай жерден
естідіңіз?
Бұл сұрақ бойынша пікірлер төмендегідей түрде
бөлінді: ақпараттың негізгі көзі – БАҚ - 47,2 %,
екінші орында «Ғаламтор» - 20,2 %. Тек 9,1 % ғана
гендерлік саясат туралы білім саласында естіп-
білген. «Жұмыс орнында» деген жауапты
таңдағандардың ең көп үлесі Павлодарда - 30,3
%. Ең сирек таңдалған жауап «Оқу орнында»
болды. Бұл дерек
қазақстандық колледждер мен
жоғары оқу орындарында гендерлік білімнің
жоқтығын немесе шектеулі екендігін білдіреді.
Әйелдердің 5 % гендерлік саясат туралы БАҚ-тан,
22,7 % ғаламтордан, 20,8 % жұмыс орнынан естіп-
білген.
ҚР гендерлік теңдік стратегиясында төртінші
мақсат ретінде гендерлік білім мен гендерлік
ағартушылық атап көрсетілгендігіне қарамастан,
білім беру жүйесі гендерлік
білімнің таралуына
өте аз ықпал етеді.
A.6. Сіз Қазақстан Республикасында
азаматтардың гендерлік
құқықтарын реттейтін нормативтік
құжаттарды білесіз бе?
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі -
60,6 % - Қазақстан Республикасы азаматтарының
гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік
құжаттар
туралы
білмейді.
Нормативтік
құжаттаманы білетіндердің ең жоғары үлесі Орал
(30,5 %) және Павлодар (29,1 %)
қалаларының
тұрғындарына тиесілі. Ерлердің басым көпшілігі
(72,8 %) гендерлік құқықтарды реттейтін
нормативтік құжаттар туралы ештеңе білмейді. Ал
әйелдер арасында сауалнамаға қатысқандардың
52,7 % өздерінің құқықтарын реттеп,
бірқатар
сұрақтар бойынша өмірлерін жеңілдететін
нормативтік-құқықтық құжаттардан бейхабар.
Гендерлік саясат саласын реттейтін нормативтік-
құқықтық құжатнамаларды білуге қатысты
сұраққа алынған жауаптар орта білімділерге
қарағанда жоғары
білімді респонденттердің
гендерлік заңнамадан көбірек хабардар екендігін
көрсетеді. Қай ұлт өкілі болса да қазақстандықтар
азаматтардың гендерлік құқықтарын реттейтін
нормативтік құжаттар туралы білім немесе
ақпарат
алуға
талпынбайды.
Ауыл
тұрғындарының
гендерлік
қатынастар
салаласындағы
құқықтық
реттеу
туралы
ақпараттары аз. Бұл сұраққа қатысты пікірлердің
бөлісі ҚР гендерлік теңдік стратегиясы қатардағы
көптеген қазақстандықтар арасында бейтаныс
және ол қазақстандық
қоғамдағы гендерлік
қатынастарға қатысты ресми құрылымдардың