ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 6
жойылғанын көрсетеді. Қазақстандықтар үшін
гендерлік тұрғыдағы проблема ретінде атап
көрсетілген тек үй шаруасы және балалар мен
егде жастағы туыстарды бағып-қағу болды. Бұл
мәселе Қазақстан Республикасының 2006-2016
жылдарға
арналған
гендерлік
теңдік
стратегиясында қарастырылмаған. Ал бұл жайт
аталмыш бағдарламалық құжат Қазақстан ерлері
мен әйелдерінің шынайы мұқтаждықтары мен
проблемаларына жеткілікті көңіл бөлмейді деп
жорамалдауға түрткі болады.
A.3. Егер жоқ болса, неге?
Бұл сұраққа жауап бергендердің көпшілігі - 26 % -
«Бұл менің жеке ойым» деген жауапты таңдаса,
респонденттердің 18,5 % бұл біздің салт-
дәстүріміз; 18,4 % бұл жағдай біздің қоғамда
тарих барысында қалыптасқан; 9,4 % бұл діни
нұсқама деп санайды. Қазақстанда жыныстық
белгі бойынша теңсіздік жоқ деп санайтын ерлер
бұл ойды тарихи алғышарттар мен мәдени салт-
дәстүрлермен түсіндіреді, ал әйелдердің көбі
өздерінің жеке пікіріне сүйенеді. 18 - 30 жастағы
топ
«Біздің
қоғамда
тарих
барысында
қалыптасқан жайт» деген пікірді қолдайды - 22,7
%. Сауалнамаға қатысушылардың білім деңгейі
неғұрлым жоғары болған сайын «Бұл менің жеке
пікірім» деген жауапты соғұрлым жиірек
таңдағанын айта кету керек. Барлық этникалық
топтарда да «Бұл менің жеке ойым» деген жауап
басым. Ал «Біздің қоғамда тарих барысында
қалыптасқан жайт» деген жауап бойынша біраз
айырмашылықтар бар: қазақтар - 17,6 %, орыстар
- 18,7 %, басқа ұлт өкілдері - 21,7 %. Салт-дәстүрге
қатысты жауапты көбінесе қазақтар таңдады -
19,6 %. Қала тұрғындарының арасында ең көп
кезіккен жауап «Бұл менің жеке пікірім» болды.
Қызықты бір дерек, діни нұсқамалардың әсері
көп деп ойлайтындардың басым бөлігі қала
тұрғындары - 11,1 % болса, ауыл тұрғындарының
3,9 % ғана бұл пікірді бөліседі.
A.4. Сізге гендерлік саясат
ұғымы таныс па?