Тәуелсіздік кезеңіндегі әҢгімелер: идеялық- тақырыптық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#185465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
- [#898323]-1643723

Тәуелсіздік Кезеңіндегі Әңгімелер: Идеялық-Тақырыптық Ерекшеліктері
 
71 
Егемен ел болғаннан бері Қабдеш Жұмаділовтің 
“Жалдамалы күйеу”, “Жемдеген қырғауылдар”, “Бір ғана ғұмыр”, 
“Құдайдың үйі”, “Бұқарбайдың бұқасы”, “Ит базары”, 
“Дөңгеленген дүние-ай”, “Тіленші”, “Ақынның ақырғы күндері” 
секілді әңгімелері жарық көрді. Қаламгер “Бір ғана ғұмыр” 
әңгімесі тынымсыз қала өмірінен қажып, санаторийге демалуға 
келген, жазушы, Әділ Тазабековтың іс-әрекеттерін суреттеуден 
басталады. Басты кейіпкер санаторийдің тыныс-тіршілігімен 
таныса отырып, қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалардың куәсі 
болады. Мәселен, жасы ұлғайған жетпіс бестегі отағасы мен отыз 
бестер шамасындағы келіншекті көріп терең ойға қалады. 
Мұндай жағдайлар бұрын да болған, ал қазіргі қоғамда өз еркімен 
алдамшы дүниенің жетегіне еріп жүргендер өте көп. Қай заманда 
болсын жас қызды шал емес, мал алған екен. 
Қуандық Түменбай “Періште”, “Қобыздың мұңы”, “Жапон 
ауылындағы жаңалық”, “Бильярд”, “Барахолкаға баратын 
автобус”, “Көз” әңгімелерінде жаңа қоғамдағы ұлттық мақсат-
мүдделерге, рухани құндылықтар мен дәстүрлерге қатысты 
маңызды, өзекті мәселелерді көркем сөзбен шебер суреттей 
білген. 
Осындай белгілі жазушылармен бірге К. Рахымжанов, Н. 
Қами, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз, Ә. Салықбай, А. 
Алтай, Д. Рамазан, А. Кемелбаева, Ж. Қорғасбек, Қ. Мұқаш, Д. 
Амантай сынды бір топ жас қаламгерлер тәуелсіздік тұсындағы 
қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтере түсті. 
Қойшыбай Мүбарактың “Пәтер” атты әңгімесінің де негізгі 
тақырыбы − қазіргі қазақ жастарының әлеуметтік жағдайы. 
Әңгіме қызықты оқылып, оқырманды тең баурап алады. Себебі, 
бұл − ауылдан, кең даладан қым-қуат тіршіліктегі қалаға келген 
қара көз қазақ баласының бір баспанаға зар ауыр халі. Әңгіме 
кейіпкер атынан баяндалған. Диалогқа құрылған. Қазақ 
жастарына мынау нарық заманында үлкен, кіші қалалардаң 
жайлы пәтер алу – арманнан ары, жеті қат көктегідей қол жетпес 
қиял деген сөз. Әңгіме соңындағы өз ернін өзі қыршып, қаны 
бұрқ еткен кейіпкердің көңіл-күйі − Қазақстандағы талайларға 
етене таныс ауыр әлеуметтік зардап суреті. 
Асқар Алтайдың “Түсік”, “Стакан”, ‘Казино” әңгімелері
қоғамдық шындықты ашық жеткізу арқылы оқырман көңіліне ой 
салу, өкініші зор әрекеттерден сақтандыру. Әр түрлі әлеуметтік 
топтағы кейіпкерлері арқылы қоғамның ащы шындығын, 
жастардың адасушылыққа, қателікке бой алдырып, теріс бағытқа 


TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова 
72
түсіп, бақытсыздыққа ұшырауын айқын көріністер арқылы 
береді. Қазіргі қазақ әңгімесінде бұл әңгімелер астарында бұғып 
жататын автордың ақылман бейнесі ретінде көрініс береді. Автор 
әңгімес заманалық қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі ерек 
құбылыс. Жазушы әңгімелері типтік ситуацияға құрылған. 
Қаламгер қаламымен сомдалған түрлі персонаждар бастарына 
түскен жағдаятты сан алуан жолмен өзгерткілері келеді. “Казино” 
әңгімесі – заманалық қазақ әдебиетінің дамуы процесіндегі ерек 
құбылыс. “Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... 
ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, 
дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ” 
деген автор уәждауы “Бай-шонжарлардың мырзаларының” 
қоғамдағы алатын орнын айқындайды. 
Асқар Асқардың “Альпинист” шығармасындағы тау 
шыңына шығуды өзінің рухы, жан рахаты көретін Тайшынның 
қалаға сыймай әрдайым тауға қарай аңсары ауып тұрады. 
Қаладағы бейберкетсіз тіршіліктен жалығады. Автор кейіпкердің 
ішкі жай-күйін терең түйсінеді. Оның қаумалаған адамдардың 
ішінде әрдайым жалғыз сезінуін жеткізеді. 
ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын 
өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді басылым 
беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген Қанағат 
Әбілқайырұлы, Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Үміт Зұлхарова, 
Дархан Бейсенбек, Әсем Қоспағарова, Әлібек Байбол, Қанат 
Тілеухан, Бану Дәулетбаева, Арман Әлмембет, Алмас 
Мырзахмет, Алмас Нүсіп, Мәлік Отарбай, Ләзиза Имашева, 
Айнұр Шамшейтова, Аягүл Мантаева, Серік Сағынтай, Жәмила 
Мамырәлі, 
Мирас 
Мұқашев, 
Мәди 
Алжанбай, 
Мира 
Шүйіншәлиева, Бейбіт Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы, Нұрлан 
Қабдай, Мерей Қосын т.б. қаламгерлерді атауға болады. 
Қаламы 
тәуелсіздік 
жылдарында 
қалыптасқан 
жазушылардың эксперименттері басым. Тақырыптық тұрғыдан 
келгенде қазіргі қазақтың жас жазушылары әлеуметтік 
мәселелерге дендеп келеді. Солардың ішіндегі бүгінгі ажырасу, 
пәтер және жұмыссыздық пен еркіндік мәселелері бүгінгі 
әдебиетте басымдық алып тұр. Әрине, бұл мәселелердің барлығы 
дерлік әдебиетте, қазақ әдебиетінде бұрыннан бар. Бірақ, ХХ 
ғасырдағы қазақ жазушыларының кінәлайтын өкіметі бар еді ғой. 
Пәтерсіз, жағдайы төмен өмір сүрсе өкіметі өгейсінгені де. Басқа 
айтар жауап аз. Осы пәтер мәселесінде жас жазушы Ерболат 
Әбікенұлының “Пәтер іздеп жүр едік” әңгімесіндегі Алматыны 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет