TUDAD - Cilt 4 - Sayı 2 - Nisan 2021 - А. Б. Көрегенова, Г. Ж. Болатова
70
қаны тамған жердің”, “жалғыз ұлдың иісі” атрибут ретінде
алынады. Баланың иісі, әке үйінің иісі (нан, ананың киімі, оның
қабірінің бір уыс топырағы) − бұлардың
барлығы кейіпкер жан
дүниесінің тереңіне бойлап, көмескіленген анаға, туған жерге
деген махаббатын қайта жаңғыртады.
Еліміздің егемендік жылдарында Шерхан Мұртазаның
қаламынан “Тәуекел той”, “Тортай шалдың есегі”, “Алапар мен
Динго”, “Шыршаның жыры”, “Сарыала қаз – Феникс”, “Бұршақ”,
“Жарамазан”, “Тұз кесел”, “Нахал торғайлар”, “Бабаның оралуы”,
“Шағалалар мен қаңғыбастар”, “Теке бұрқақ”, “Мыңбұлақ”
сияқты
классикалық
әңгімелері
туды.
Жазушының
шығармаларының
барлығының
дерлік
кейіпкерлері
–
адамдардың, сонымен қатар үй хайуанаттарының, құстардың, тұз
тағыларының, яғни тіршілік әлеміндегі әр алуан жан-
жануарлардың символдық сипаттағы
іс-әрекеттері мейлінше
шыншылдығымен, қысқа да нұсқа шымыр қайырымдарымен,
ішкі жан-дүниеңді шаншып-шаншып алатын өткірлігімен, кейде
ашынтып, кейде сүйсінтіп жіберетін көркем жинақтауларымен
баурап алатыны бар. Жазушының табиғаттың тұтастығын
теңшеген тіршілік атаулыны философиялық
тұрғыдан көрсетуге
баса көңіл бөлетін әңгімелері әсерлі де тартымды.
Жазушы “Тәуекел той” әңгімесінде тойшыл қазақтың
қазіргі замандағы бәсекелестікке айналған тойын көрінісін
Керімқұлды жиынтық образ ретінде алып сынаған. Бұрында ата-
бабамыз өте қонақжай болғанымен, дарақылыққа, бәсекеге,
ысырапшылыққа, бос мақтанға жол бермеген. Ал қазір қазақ той
жасау үшін,
қарызға батып, аста-төк той өткізеді. Біреуі
байлығын жаһанға жар салғысы келсе, екіншісі “ұят болмасын”,
“жұрттан қалмаудың” амалын жасауда. “Алапар мен Динго”
әңгімесі шығарманың екі басты кейіпкерлердің атымен аталған.
Динго – австралиялық иттердің тұқымы. Ал Алапар — иттердің
ергежейлісі, мәстек тұқымы. Шерхан Мұртазаның бұл әңгімесі
жақсы мен жаманның, күшті мен әлсіздің тартысы,
қазіргі
замандағы
адамдарда
табылмай
жатқан
жанашырлық,
бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерінің иттердің бойынан
табылуы. Әңгіменің негізгі идеясы – адамгершілік қасиеттер
заман өте жойылып бара жатса, адам баласының адал досына
айналған иттің қасиеті нығайып келе жатқандығында. Қазіргі
таңда, дүние уақыт өте келе
қайтадан кірлене бастағанын
жайында, зіл сияқты алыптар жойылып, піл сияқты ірілер
азайғанын, адамдар мен аңдар ұсақталып жатқанын жеткізгісі
келген.