СЫРТЫ
ІШІ
В7. Төмендегі суретте неврула сатысындағы эмбрионның бөлімі көрсетілген.
(Әрбір дұрыс жауап үшін 0,5, ең көбі 4 ұпай)
7.1. Эмбриогенез кезінде суретте көрсетілген (а), (b), (c) және (d) аймақтардан
белгілі бір ұлпалар мен мүшелер дамиды. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы
дұрыс (Д) және қайсысы бұрыс (Б) екенін анықтаңыз.
_____А. (а)-дан дамитын тіндердің дамуы әрқашан (b)-дан дамитын тіндердің
дамуымен байланысты.
_____Б. (с)-ның дамудағы тағдыры кейде өзгереді.
_____В. (d) омыртқаларға айналады.
_____Г. Қан айналым жүйесінің көп бөлігі (b)-дан пайда болады.
7.2. Жүйке түтігі (e) нүктесінен шығады. Жүйке түтігінің қалыптасуы мен оның
әрі дамуына қатысты келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (Д) және қайсысы
бұрыс (Б) екенін анықтаңыз.
_____А. Нерв түтігі қабырғасындағы жасушалар глиальды жасушалар мен нейрондарға
айналады.
_____Б. Жүйке түтігінің қуысы кейін толығымен жабылады, іс жүзінде жоғалады.
_____В. Жүйке түтігінен шыққан жүйке ұлпаларының барлығы орталық жүйке жүйесін
құрайды.
_____Г. Көз торының пигментті эпителийі жүйке түтігінен пайда болатын көз
көпіршіктерінен пайда болады.
В8. Жүгеріде бір ген тұқымның түсін анықтайды: аллель A түсінің болуын ал а -
оның болмауын анықтайды. Тағы бір ген тұқымның пішінін анықтайды: аллель
B тұқымның тегіс пішінін анықтайды, ал b – бұдыр пішінін анықтайды. Түсті
және тегіс тұқымдардан өсірілген өсімдіктерді түссіз және бұдыр тұқымдардан
өсетін өсімдіктермен будандастыру кезінде келесі ұрпақтар алынды: (әр сұрақ
үшін 1 балл, максимум 3 балл)
376 – түсті тегіс,
13 – түсті бұдыр,
13 − түссіз тегіс,
373 – түссіз бұдыр.
Достарыңызбен бөлісу: |