14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
213
тер В-лимфоциттер деп, ал гуморалады иммунитет жүйесі В-жүйесі деп
аталған.
Сүткоректілерде
Вигаа ҒаЬгісіш
аналогы эмбриондык кезеңінде —
бауырдағы кан ошактары, ал постнаталды кезенде —
суйек кемігі
(Вопе
таггоы)
болып табылған.
В-жүйенін
шеткері апаларына көкбауырдың, лимфа туйіндердің
және баска
(бадамша бездер, аденоидтар, ішектің пейер табақшалары,
аппендикс
) лимфоидтык түзілімдердін тимустәуелсіз аймактары жа-
тады. Бұл В-лимфоциттердін көп шоғырланған аймактары, ал
тимустәуелді аймактарда кан айналым аркылы айырша безден көшкен
Т-лимфоциттер орналасады.
Шеткері канда барлык лимфоциттердің арасында В-лимфоциттер
Ю-20%, ал абсолютті саны 0 ,19—0,38х Ю9/л кұрайды. Негізінде ол
бастапкы даму кезенін сүйек кемігінде өтіп, шеткері лимфа мүшелеріне
орналасатын толык жетілмеген жасушалардан тұрады. Лимфоидтык
мүшелерде антигенмен байланысудан кейін, В-лимфоциттер соңғы
пісіп-жетілу кезеңінен өтіп, антигенге карсы антидене синтездеу-
де негізгі кызмет аткаратын плазмалык жасушаларға айналады.
В-лимфоциттердің біразы В-зерде жасушаларға айналады.
Әрбір организм әр түрлі антиденелердің жиынтығын кұрайды,
яғни, әр түрлі арнайылыкты антигенге карсы антидене түзу кабілетіне
ие. Антигендік детерминанталары теориялык мүмкін болатын
конфигурациясының мөлшері және сәйкесінше арнайы антиденелер
саны 107-1 0 8 ретімен бағаланады. Антидененін осындай көптүрлілігі
туралы сұрак — иммунологияда толык шешілмеген сұрактарынын
бірі. Казіргі кезде жалпы кабылданған пікір әрбір жеке организмде
иммуноглобулиннін ауыр және жеңіл вариабелді аймактарын және
олардын комбинацияларын кодтаушы гендердің үлкен жиынтығымен
қамтамасыз етілген антидененің көптүрлілігінін генетикалык жоспар-
лануы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: