13-Тарау. Антигендерді өндеу және таныстыру
209
СЭН' Т-лимфоциттердің де пролифераңиясы мен диффереиңировкасын
шақыруы мүмкін.
Дендритті жасушаларда микробты жасушалар мен ірі вирустарды
жұту кабілеті болмағанымен, олар нәруыздар мен
вирусты бөлшектерді
макропиноцитоз аркылы женіл жұтады. Пиноцитоз жолымен жұтылған
нәруыздар мен вирус бөлшектері дендритті жасушаның цитолизінде
жинакталады да, протеосомаларда кыска пептидті фрагменттерге дейін
(8-10 амин кышкылына дейін) ьщырайды.
Протеосома — 28 суббірліктен тұратын үлкен протеазды катализдік
кешен. Гидролиз нәтижесінде протеосомада түзілген пептидті фраг-
менттер ТАРІ және ТАР2 тасымалдаушы нәруыздарынын көмегімен
эндоплазмалык ретикулум куысына карай жылжиды. Мұнда олар
I класс МНС молекуласымен
косылу нәтижесінде
иммуногенді кешен
түзеді.
Анкау С 0 8 + ЦТЛ антигентанушы рецепторларының (ТЖР)
көмегі-
мен иммуногенді кешеннін кұрамындағы пептидті эпитопты таниды
(бірінші белгі). Бұл кешен Гольджи аппараты аркылы жасуша бетіне
тасымалданады және С Б 8+ цитотоксикалык Т-лимфоциттермен та-
нылады. ДЖ бетінде экспрессияланған В7 молекуласынан костимул-
даушы белгіні кабылдағаннан кейін СЦ8+ ЦТЛ белсеніп, біркатар
цитокиндерді түзе бастайды, сонын ішінде ИЛ-2 мен ІҒҒІ-ү. Бұл ци-
токиндер
аутокринді әсер ету аркылы
С1)Н+ ЦТЛ пролифераңиясы мен
олардың эффекторлық жасушаларға (имундық киллерлер) дифферен-
цациялануын ынталандырады.
Жетілген эффекторлык СГ>8+ ЦТЛ
организмнін вируспен закымдалған (вирусты пептидтер жасуша бетінде
1 класс МНС нәруздарымен кешен түрде болады) жасушаларына шабу-
ылдайды.
Антигендерді нәруызды пептидті фрагменттері немесе вирусты пеп-
тидтер I I класс МНС нэруыздарымен біріккен жагдайда иммуногенді
кешенді тануға аңқау СӘ4+ Т-хелперлер қатысады.
Бұл кезде жасушалык
та, гуморалдық та иммунды жауаптын калыптасуы мүмкін.
Бетінде II класс МНС нәруыздары үлкен мөлшерде экспрессиялан-
ған
В-лимфоциттер
де антиген таныстырушы жасуша бола алады. Егер
макрофагтар, негізінен, бактериялар мен жасушаларды фагоцитозға
ұшыратса, дендритті жасушалар әр түрл і вирус бөлшектерін пиноцитозға
ұшыратады,
ал В-лимфоциттер, ең алдымен, нэруызды антигендерді
жэне бактериялардың токсиндерін жүтады.
В-лимфоциттерінің бет-
кей иммуноглобулиндері екі кызмет атқарады. Біріншісі — антигенді
детерминанттарды (гаптендерді) арнайы байланыстыру; екіншісі —
210
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
түзілген иммунды кешендердің эндоцитозы,
кейіннен олар лизосомалар-
да деградацияға ұшырау нәтижесінде пептидті фрагменттер түзіледі.
Олар II класс МНС нәруыздарымен косылып иммуногендік кешен
түзеді және ол кешен В-лимфоиит бетіне тасымалданады.
Бірақ, қалыпты жағдайда В-лимфоциттердің бетінде В7 кости-
муляторының экспрессиясы жоқ, сондықтан бактериялы компоненттер
эсерінен В-лимфоциттердің бетінде В7 экспрессиясы болған кезде ғана
Т-хелпердің белсенуі болады.
Бұл негізінен бактериялы жұкпалар кезінде байкалады. Мұндай
жағдайларда В-лимфониттер Т-хелперлердін белсенуі үшін кажетті
екі белгіні камтамасыз ету нәтижесінде оларды іске косады. Белсенген
Т-хелперлер пролиферацияға ұшарайды және лимфокиндерді, соның
ішінде ИЛ-2 бөле бастайды. Ол В-лимфоциттін сәйкес рецепторлары-
на әсер ету аркылы В-жасушасына кажетті екінші — пролиферативті
дифференцияланушы белгімен (бірінші —
арнайы белгіні В-лимфоцит
иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларынын көмегімен ан-
тигенмен байланыскан кезде алады) камтамасыз етеді. Екі белгіні
алған В-лимфоциттер пролиферацияга ұшырайды, сосын плазмалык
жасушаға дифференцияланады,
ал олар арнайы ерекшеліктегі
антиденелерді өндіреді.
В-лимфоциттердін көмегімен антигендерді Т-хелперлерге осын-
дай жолмен таныстыру МФ мен ДЖ салыстырғанда біршама тиімсіз
екендігін атап өткен жөн, сондыктан бұл негізгі емес, тек қосымша ме-
ханизм.
Достарыңызбен бөлісу: