С. В. Кожанова Жалпы иммунология


АНТИДЕНЕЛЕР ГУМОРАЛДЫ АДАПТИВТІ



Pdf көрінісі
бет109/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

АНТИДЕНЕЛЕР ГУМОРАЛДЫ АДАПТИВТІ 
ИММУНДЫ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭФФЕКТОРЛЫ 
МОЛЕКУЛАЛАРЫ РЕТІНДЕ
Әрбір антигенге карсы антидене синтезделеді, бірак ол әркашанда 
антиген жоюшы корғаныш жұмысын аткармайды. Мысалы, ісік жасу- 
шаларына карсы антиденелер белгілі бір жағдайларда онын жойылуы- 
на карсы емес, өсуіне алып келуі мүмкін. Ол «иммунды күшею» деп 
аталады. Антиденелер ісік жасушаларынын бетін антигендердін детер- 
минанттарымен байланыстырады, сол кезде ісік жасушалары жабы- 
лады және оларды Т-лимфоциттер танымайды, олар өз кезегінде ісік 
жасушаларының жойылуында негізгі рөл аткарады, бұл жағдай иммун- 
ды күшеюмен байланысты. Бұл ісік өсуіне ыкпал етеді.
Антиденелердін жасуша сырткы бактериялар мен вирустарға қарсы 
әсері күшті, сол себепті гуморалды бейімделу иммунитеттің басты 
функциясы — жұкпаға карсы иммунитетті калыптастыру.
Антиденелердің корғаныс механизмінің түрлілігіне байланысты 
олардын бірнеше тобы бар:
• бактериялы токсиндерді бейтараптайтын антиденелер;
• вирустын жасушаға бекінуін тежейтін вирус бейтарап антидене- 
лер;
• вирус жұкпалы жасушаларға комплемент катысуымен цитотокси- 
калык әсер беретін антиденелер;
•комплемент катысуымен бактерияның жойылуына алып келетін 
антиденелер;
• коздырғыштын ферментті жүйесін басатын антиденелер;
• вирустар мен бактерияларды басатын және фагоцитозды белсен- 
діретін антиденелер.
Осыдан баска антиденелер биологиялык әсеріне байланысты бө- 
лінеді:
•ерігіш антигенмен жүйе түзетін антидене, ол жедел кабынудын 
белгілері ментамырдың өткізгіштігін арттыратын активацияланған 
комплемент;
• полиморфты ядролы лейкоциттердің гельминттерге қарсы цито- 
токсикалық әсерін күшейтетін антиденелер;


222
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
• белгілі бір рецепторлармен байланысып, оларды корғап және 
жүйесін басатын антирепепторлы антиденелер;
• өзіндік ферментативті белсенділігі бар және кейбір субстраттарды 
еріту касиеті бар антиденелер.
Антиденелерді өзінің кай антигенге карсы түзілуіне байланысты 
классификациялауға болады:
• жұкпаға карсы немесе антипаразитарлы антиденелер, олар жұкпа 
коздырғышын немесе паразитті жоятын антиденелер;
• антитоксикалык антиденелер, коздырғыш немесе паразит өліміне 
алып келмейді, бірак олар бөлетін токсиндерді бейтараптайды;
• «аурудың куәгер-антиденесі» осылардың ағзада болуы иммунды 
жүйенін бүл коздырғышпен таныс екенін білдіреді, яғни ол бұрын 
ағзада болған немесе казіргі жұктырылған жағдайын айтады, ол 
коздырғышты өлтірмейді және токсиндерді бейтараптамайды, 
себебі екіншілік нәруыздарымен байланысады.
• аутоагрессивті антиденелер немесе аутоантиденелер, олар ағзаның 
сау калыпты жасушаларын бұзуға бағытталған және аутоиммунды 
аурулардың себебі болып табылады.
• аллоантиденелер 
немесе 
гомологиялык 
антиденелер, 
бір 
биологиялык түрге жататын тіндері мен жасушаларынын транс- 
плантация нәтижесінде болатын антигенге бөлінетін антиде- 
нелер;
• гетерологиялык антиденелер немесе изоантиденелер, баска 
биологиялық түрге жататын ағзанын тіні немесе жасушасы 
антигеніне түзілетін антиденелер;
• антиидиотиптік антиденелер, «антиденеге карсы антидене», 
антидененін антиген байланысқан бөлігіне карсы антидене, олар 
өз кезегінде ағзанын өзімен бөлінеді. Антиидиотиптік антидене- 
лер иммунды жүйеде басты рөл аткарады, себебі ол ағзада артык 
антиденелерді жояды. Антиидиотиптік антиденелер антигеннін 
көлемдік конфигурациясын кайталайды, сол себепті олар ағзаға 
иммунологиялык зерде ретінде кызмет көрсетеді.
Антиденелердің ерекше топтарына жатады.
• Табиғи және иммунды антиденелер. Табиғи антиденелер адам ағ- 
засында алдын ала антигендерді егусіз, яғни иммунизациялаусыз, 
бар болады. Мысалға А және В антиген эритроциттеріне карсы 
бағытталған адамның I кан тобының а және (3 изогемагглютинин 
сарысуының антиденелері. Таралған жұкпанын коздырғышына


14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
223
карсы бағытталған табиғи антиденелерде бар, олар өз кезегінде 
табиғи және түрлік иммунитеттің факторлары болып табыла- 
ды. Ал иммунды антиденелер ағзада алдын ала иммунизациялау 
нәтижесінде пайда болады.
• Мембранамен байланыскан антиденелер В-лимфоциттердің АТР 
жұмысын аткарады; олардын молекулаларың арнайы жасуша мем- 
бранасын байланыстырушы бөлігі бар, олар осынысымен ерігіш 
секреторлы антиденелерден ерекшеленеді.
Көп жылдар бойы иммунологтар В-жасуша жұмысының белсенуін 
түсіндіре алмады. 
Өйткені, 
мембраналы 
иммуноглобулиндердін 
изотиптері өте кыска цитоплазмалык соңы бар (І§М — 3 амин кышкыл, 
І£С, І§Е — 28 амин кышкыл), олар өз кезегінде жасушаішілік сигнал- 
дардың молекулаларымен, мысалға тирозинкиназа О-протеин, ассо- 
циацияланып белсендірілген сигналдардың генерациясын камтамасыз 
етпейді. Бұл мәселе мембраналы иммуноглобулиндер гетеродимерлер- 
мен І£ — а/І§ — (3 ассоциацияланып, өз кезегінде В — жасушаларының 
АТР-мен байланысатыны ашылғаны аркылы түсінікті болды. Корыта 
келе, В-жасушалы рецептор, яғни эпитоп байланыстырушы молекула 
(әртүрлі изотиптегі І§ беті) және белсендірілген сигналды цитоплазмаға 
өзінін ұзын цитоплазмалык ұшымен беретін гетеродимер І§ — а/І£ — 
3 (І£ — а 61 амин кышкыл, І§ — (3 48 амин кышкыл) функционалды 
бөлінеді.
Белсендірілген сигналдың В-лимфоциттің цитоплазмасына бері- 
луінде орталық рөлді протеинді тирозинкиназа (ПТК) ферменті 
аткарады. Бұл ферменттің акауынан сигналды трансдукцияның акауы 
болады, нәтижесінде иммунитеттің В-жүйесінің ілкі иммунды тап- 
шылығы - Брутон ауруы пайда болады.
Антиденелердін аффинділігі және авидтілігі. Аффинділік дегеніміз — 
бір антидене белсенді орталығының антигеннің эпитобымен байла- 
нысу күші. Ал авидтілік дегеніміз — осы иммуноглобулин молекула- 
сы мен антиген байланысу күшінің беріктігі. Иммуноглобулин мо- 
лекуласында белсенді орталыктардын көбеюі бұл беріктілік ұлғаяды. 
Сол себепті авидтілігі жоғары молекулаға І§М жатады. Ағзаны анти- 
генмен иммунизациялағанда кан сарысуында әр түрлі аффинділігі 
бар кең спектрлі антиденелер пайда болады. Оның себебі — анти- 
ген В-жасушаларынын клондары көлемінін ұлғаюына септеседі. 
Нәтижесінде алынған поликлонды иммунды антиденелер мен сарысу 
әр түрлі кластардан тұратын иммуноглобулиндердін молекулаларынан 
кұралған корытпа алынады.


224
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ х и м и я л ы қ
ҚҰРЫЛЫСЫ
Иммунохимиянын басты проблемаларынын бірі — ол І§ кұрылысы, 
белсенділігі, арнайылығы және физиология жағдайында биологиялык 
жұмыс істеу механизмінін арасындағы байланысты белгілеуі. Бұл 
сұрактың кейбір эксперименталды шешімдері химиялык тәсілдермен 
жасалған.
60—70 жылдары В. Портер мен Д. Эдельманның жұмыстарында 
антидене молекулаларының кұрылысы мен иммуноглобулиндердің 
негізгі фрагменттерінің рөлі толык шешілген; 
антиденелердің 
белсенді орталығының кұрылысы мен орналасуы және әр кластағы 
иммуноглобулиндердін химиялык кұрылысы мен айырмашылыктары 
көрсетілген. Бұл жұмыстары үшін В. Портер мен Д. Эдельман 1972 ж. 
Нобель сыйлығына ие болған. Бұл аумактағы жұмыстар 1980 жылдар- 
да да белсенді жетілген: П. Берг, У. Гилберт, Ф. Сегнер жұмыстарында 
иммуноглобулиндердің түзілуін бакылаушы гендердін кұрылымы 
белгілі болған. Молекулалык биологиянын бұл аймағындағы жетістігі 
де Нобель сыйлығына ие болған.
Қазіргі жағдайда, барлык 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет