С. В. Кожанова Жалпы иммунология


МАМАНДАНҒАН В-ЛИМФОЦИТТЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет105/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

МАМАНДАНҒАН В-ЛИМФОЦИТТЕРДІҢ 
СУБПОПУЛЯЦИЯЛАРЫ
Казіргі уакытта зерттеушілер В лимфоциттін біртекті емес 
екенін айкындады, олардын морфологиялық және функционалдык 
ерекшеліктері соңына дейін зерттелмеген. 
В-1-В-лимфоциті және мар-
гиналды зоианын В жасушасы деп екіге бөлінеді.
Бул екі топтағы В жасушалар мамандандырылған В лимфоциттер
болып табылады, себебі патогендерден қорғайтын туа біткен иммуни-
тетке тән қасиеттері бар.
Адамда 70% В-1-В-жасушалар іш куысында мамандандырылған, 
ал 30% — кан, бадамша без және лимфа түйіндерінде. Маргинал- 
ды зонаның В жасушалары көкбауырдын кұрамында, кара және ак 
пульпаның шекарасында болады.
Маргиналды зонаның В-1-В-жасушалары және В-жасушаларына 
плазмалық жасушаға дифференциациялануына Т-хелперлердін көмегі 
қажет емес, себебі олар тікелей инфекциямен байланысу аркылы жыл- 
дам төмен аффинді І§М синтездейді. Бұл антиденелер жұктырылғаннан 
кейін 48 сағаттан кейін пайда болады, содан кейін фолликулярлы 
Т-хелпердің көмегімен В-2-лимфоциттерде осы коздырғыштарға 
карсы антидене түзіледі. Маргиналды зонанын В-1-В-жасушалары 
және В-жасушалары лимфа ағымына түспей, тікелей коздырғыш 
ошағындағы антигендерге карсы антиденелер синтездейді.
В-1-В-жасушалары 
перитонеалды 
және 
плевралды 
куыска 
бағытталады, онда олар шырышты кабаттарды корғауда манызды рөл 
аткарады, ал 
маргиналды зонаның В-жасушалары 
организмді сепсистен 
корғай отырып, көкбауырдын маргиналды зонасы аркылы өтетін кан


218
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
ағымындағы антигендерді бакылайды. Одан баска В-І-В-жасушалары 
саны шектелген жұкпалар коздырғыштарымен байланыска түспей 
төмен аффинді антидене түзеді, оларды және «өзіндік антидене» 
деп атайды. Кызметіне байланысты бұл антиденелер антигенмен 
байланыскан кезде туа біткен иммунды жүйенін опсониндеріне ұксас 
кызмет аткарады,оларды 
коллектиндер
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет