С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет257/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Иммундық талдау
дегеніміз антигеннің антиденелермен әрекеттесуіне 
негізделген, ерігіш заттардың сапалык және сандык аныктау әдістері 
(яғни, иммунологиялык тану). Түзілген антиген-антидене, алдын ала


522
IV Б ө л ім . И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
антиденемен немесе антигенмен конъюгацияланған комплексі, арнайы 
белгілер аркылы аныкталады.
Иммундык талдау кұралдары тек кана «көрмейді», сонымен бірге 
белгілердін санын өлшейді. Белгілер ретінде, белгілі жағдайларда кұрал 
немесе адамның көзі арқылы көрінетін заттар қолданылады. Оларға 
жататындар:
• радионуклидтер, бұл жағдайда 
талдауды радиоиммундық деп атай-
ды
(РИТ);
•түсті немесе флуоресцентті өнімдерді түзу аркылы субстраттың 
айналуын катализдейтін ферменттер. Осындай талдауды 
иммунды
ферменттік (ИФТ)
немесе иммунофлуоресцентті деп атайды;
• флуоресцентті немесе люминесцентті заттар және т.б.
Иммундық талдаудың ен алғашкы әдістері гомогенді вариант бой-
ынша, яғни, компоненттері бөлінбеген ерітінділерде көрсетілген. 
Кейін қатты фазаны пайдалана бастаған компоненттерді бөлу 
аркылы — оларды катты фазалы немесе иммунды сорбенттік әдістер 
(ферменттік иммунды сорбенттік талдау ЕЫ5А, ағылш. 
Епгуте-ііпкед
Іттипо5огһепі Аз$ау)
деп атаған. Казір тәжірибеде катты фазалы ИФТ 
әдістерді қолданады.
Радиоиммундық талдау эдістері (РИТ)
өткен ғасырдың 70-жыл- 
дарында дайындалған. РИТ-ін ашканы үшін Розалин Ялоу Нобель 
сыйлығына ие болған. Бұл әдістер сұйык ортада болатын, төменгі 
концентрациядағы (нанограммды, кейбір кезде пикограммды санын) 
әр түрлі қосылыстардын, соның ішінде антиденелердің, антигендердін, 
цитокиндердің, рецептордың ерігіш түрінің, нәруызды және стероидтык 
гормондардын және т.б. дәл санын аныктау үшін өте кажет.
РИТ жүйеге енгізілген, антигендерге қарсы арнайы антиденелердін 
шектелген санына, зерттелетін (белгіленбеген) антигеннін белгіленген 
антигеннің (антигенді 1311, 3Н изотопымен белгілейді) кажет санымен 
бәсекелесу феноменімен негізделген (23.4-сурет, түрлі түсті жапсыр- 
маны караңыз). Зерттелетін сүйықтықта аныкталатын антиген көп 
болса, онда белгіленген антиген антиденелермен аз байланысады. 
Неғұрлым зерттелетін сұйыктықта аныкталатын антиген саны көп бол- 
са, соғұрлым аз мөлшерде белгіленген антиген антиденелермен байла- 
нысады және көп мөлшерде ерітіндіде аныкталады.
Иммунды ферменттік талдау (ИФТ)
РИТ ашылганнан кейін 
Швециялык 
Епруаіі
және 
Регітапп,
Нидерландта 
\ап 
ІУеетеп
және 
Зсһииг,
АКШ-та 
КиЪетіеіп,
т.б. — тәуелсіз топ зерттеушілері 
көрсеткен. Бұл әдіс, РИТ-тін кағидасына сәйкес негізделген, тек бұл


2 3 -Т а р а у . И м м у н д ы қ д и а г н о с т и к а п р и н ц и п т е р і м е н ә д іс т е р і
523
кезде радиоактивті белгілердін орнына ферментті (хрен пероксида- 
засы, сілтілі фосфатаза, глюкозидаза) колданады. Осы ферменттін 
әсерінен, бояуы өзгерген субстраттың негізінде серпіліске түскен, 
белгіленген антидене немесе антигеннін мөлшері аныкталады. ИФТ 
нәтижелерін автоматтандырылған ИФТ-ридер кұралдары окиды 
(ағылш. 
геасі
— оку).
ИФТ сынама-жүйесінің антиденелері (поликлонды және әсіресе 
моноклонды) үшін талдамалык нысана ретінде А, М, О, Е иммуно- 
глобулиндері, гормондар (нәруыздык және стероидты табиғаты бар), 
тасымалдаушы және кұрылымдык нәруыздар, липопротеиндер, глико- 
протеиндер және көптеген баска да жоғары молекулалык биологиялык 
косылыстар болып табылады.
Казір ИФТ иммунохимиялык әдістердін ішінде ғылыми да, 
диагностикалык та зерттеулерде ең колданбалы әдіс болып келеді. 
Мысалы, цитокиндердін иммунды ферментті аньгктауы баска әдістерге 
карағанда, өте жоғары сезімталды, арнайы, антагонистерден тәуелсіз 
және автоматтандырылған, есепке және стандарттауға оңай болып та- 
былады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет