С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ФАГОЦИТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет260/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ФАГОЦИТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ АНЫҚТАУ
Фагоциттік жүйені бағалауға арналған ен информативті фагоциттік 
индекс, фагоциттік сан (нейтрофилдердін жұту кабілетін көрсетеді) 
және бактерицидтік индекс (нейтрофилдердін корыту кабілетін 
көрсетеді) болып табылады.
Фагоциттік индекс (ФИ) — жалпы санынан фагоцитозға ұшыраған 
жасушалар салыстырмалы саны.
Фагоциттік сан (ФС) — бір нейтрофилмен жұтылған бактериялар- 
дың немесе латекстін орташа саны.
Сонымен қатар, спонтанды жэне белсендірілген фагоцитоз сынама-
лары
латекстін бөлшегін колдану аркылы жүргізіледі. Латекс пен фа- 
гоцитоз нейтрофилдердін латекс бөлшегін жұтуға негізделген (адгезия, 
ұстап алу және толык жұту).
Серпілісті жүргізу кезінде, шеткі каннан алынған лейкоциттерді 
латекс бөлшегінін суспензиясымен араластырады; калыптастырылған 
фагоцитоз серпілісін жүргізу кезінде алынған коспаға пирогенал 
ерітіндісін косады. 30 мин бойы 37 °С инкубацияланғаннан кейін 
жағынды дайындап, бекітілген және Романовский-Гимза бояуы- 
мен боялған жағындыда латексті жұткан нейтрофилдердін пайызын 
есептейді.
Нитрокөк тетразолийдің қалпын ауыстыру сынамасы
— 
НКТ-сына-
масы
оттегінің белсенді түрінін көмегімен кан лейкоциттері аркылы 
нитрокөк тетразолиін диформазанға қалыптастыруға негізделген. Бұл 
кезде фагоциттерде киллинг бактерияны ортактастыратын, нитрокөк 
тетразолиінің алғашындағы сары түсінің көк-күлгін түске (ядроішілік 
косындылар — диформазан түстері) өзгертетін ферменттердің кабілетін 
колданады.
Серпілістің койылуы. 
Майсыз заттык әйнекке 0,02 мл 0,9% натрий 
хлорид ерітіндісін, 0,02 мл нейтрофилді және 0,02 мл 0,75% НКТ 
(нитрокөк тетразолиі) ерітіндісін жағады.
Күштеме ретінде 1:10 ерітіндіде граммтеріс бактериясының 
Е. соіі
коммерциялык липополисахаридін немесе пирогенал (липополисаха- 
рид 5. 
турһі)
ерітіндісін колданады. Баска майсыз әйнекке 0,02 мл Л ПС, 
0,02 мл нейтрофилдік коспасын және 0,02 мл 0,75% НКТ ерітіндісін 
жағады. 30 мин ылғалды камераға орналастырады. Жағынды дайын- 
дап, кұрғатып, бекітеді. 0,1% нейтралды кызыл ерітіндісімен бояйды. 
Калпы ауыскан НКТ (көк түсті диформазанға) грануласымен лейко- 
циттер пайызын есептеу аркылы нейтрофилді аныктайды.


23-Тарау. Иммундық диагностика принциптері мен әдістері
529


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет