С. В. Кожанова Жалпы иммунология


БАЛАЛАРДАҒЫ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет264/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

БАЛАЛАРДАҒЫ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балаларда иммундык жүйесінің калыптасуы кезінде сыни ауы- 
су кезеңдері болады. Кұрсакішілік сыни кезең жүктіліктін 
8—12 ап-
тасы болып табылады.
Бұл кезде иммундык жүйе мүшелерінің және 
жасушаларының дифференциялануы өтеді.
Бірінші сыни (критикалық) кезең
— 
нәрестенің туғаннан кейінгі
алғашқы кундері.
Бұл кезде нәресте ағзасы көптеген антигендермен 
кездеседі, Т- және В-лимфоциттердің функционалдык дисбалан- 
сы байкалады және тек І&М түзіледі. Фагоциттердің функционалдык 
белсенділ ік күшінің әлсіз болуы нәтижесінде антигендердің процессингі 
төмендейді. Бұл кезеңге ағзаның шартты-патогенді грамтеріс флорала- 
рына, герпес вирустарына, цитомегаловирустарға резистенттілігінін 
төмендеуі байқалады және жайылмалы кабыну үдерістеріне (сепсистік 
жағдайлар) бейім болады.
Екінші сыни кезең
— 
нэресте өмірінің 3-6-айларына
сәйкес келеді. 
Бұл кезенде анасынан берілген антиденелердің ыдырауы нәтижесінде 
пассивтік гуморалдық иммунитеттің нашарлауы. Көптеген антигендер- 
ге І§М басым түзілуімен бастапқы иммундықжауапдамиды. Иммундык 
жауаптың бұл түрі тұракты иммунитетті тудырмайды. Балалар пара- 
грипп вирустарына, аденовирустарға (пневмония, бронхиолиттерге) 
сезімтал болып келеді. Бұл кезенде тұкымқуалаушылық иммундык 
тапшьшыктар кездеседі.
Үшінші сыни кезең
— 
нәресте өмірінің екінші жылында байқалады.
Көптеген антигендерге І§М түзілісі І§С түзілуіне ауысады. Бұл кез- 
де І§С1 және І§СЗ топшаларын түзетін В-лимфоциттердің клон- 
дары дифференцияланады. Осы кезеңге иммундық комплекс және 
аутоиммундык аурулардьщ дамуы тән. Балалар кайталама вирустык 
және микробтык-кабыну ауруларына бейім болады.
Төртінші кезең — өмірдің 4-6-жылдары.
Бұл кезде канның формалык 
элементтерінің екінші реттік киылысуы болады. І§М және І§С деңгейі


23-Тарау. Иммундық диагностика принциптері мен әдістері
537
ересек адамдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Бірак сарысулык 
І§А деңгейі әлі төмен, ал кандағы І§Е деңгейі өте жоғары болады. Осы 
жаста балаларда атопиялык, паразитарлык және иммундык комплекс 
аурулары жиі кездеседі. Көптеген созылмалы аурулар дамиды.
Бесінші сыни кезең
— 
жасөсіпірімдік кезең.
Бұл кезенде жыныс гор- 
мондары өндірілуінін жоғарылауы жасушалык иммунитеттін тежелуіне 
әкеледі, нәтижесінде созылмалы кабыну, аутоиммундыкжәне вирустык 
аурулардың өршуіне әкеледі.
Балаларда иммундык статусынын ерекшеліктері байкалады. Бала 
туылған кезде канында физиологиялыклейкоцитоз — 12— 15 х Ю9/л бай- 
калады. Кейінлейкоциттерсанытөмендейді.лимфоциттердіңпайыздык 
кұрамыкөбейеді(барлыкжасушалардынкөбісілимфоциттердің35%-ын 
кұрайды), түйіршіктердің саны төмендейді. Жасушалардың динами- 
касын көрсететін кисык арасындағы бірінші киылысу өмірдің 5-ші 
тәулігінде болады, екінші киылысу — 4—5 жаста лимфоциттердің 
меншікті салмағының төмендеуі және нейтрофилдердің көбеюі болады.
Дені сау баланын өзіне тән иммундык жағдайы болады. Кіші 
жастағы балаларда кандағы лимфоциттердің абсолюттік және салы- 
стырмалы саны ересек адамдарға карағанда, екі есе жоғары. Осын- 
дай лимфоциттердің салыстырмалы санының пайызы лейкоциттердің 
жалпы санынан 63—69% кұрайды. Ал абсолюттік саны 1,75—3,09х Ю9/л 
тен. 12-14 жастағы балаларда лимфоциттер саны ересектер санына 
жуықтайды және әрі қарай шамалы өзгереді.
Жалпы лимфоциттер санының жартысын Т-жасушалар кұрайды, 
Т-лимфоциттер (СЭЗ+) саны салыстырмалы мөлшері 42-68% -ға, 
нәрестелердің кіндік канында 1,5 есе төмендеген, бірак бірінші 
айдьщ сонында Т-лимфоциттердің саны көбейеді. Жоғары лейко- 
цитозды ескере отырып, Т-лимфоциттердің абсолюттік мөлшері 
өзгермейді.
Барлык Т-лимфоциттердің 60%-ы хелперлік кызметі бар жасуша- 
лар құрайды және 15%-ын Т-киллер/супрессорлар кұрайды. Алты 
жаска дейінгі балаларда жалпы лимфоциттер санынан Т-хелпер (СЭ4+) 
30-40%-ын және Т-киллер/супрессор (С 08 +) 25-32%-ын құрайды, 
ал абсолюттік көрсеткіші (1,02—1,84х Ю9/л және 0,81 — 1,52х Ю9/л) тең. 
12—14 жаста бұл көрсеткіш ересектер көрсеткішіне сәйкес келеді.
Өмірдің алғашкы жылдарында В-лимфоциттердің (СӘ20+) салыс- 
тырмалы саны канда біршама төмендеген 21—28%, ал абсолюттік 
мөлшері (0,74-1,33), ересектерге карағанда едәуір жоғары.


538
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
Жана туған нәрестелерде анасынан алынған І§С аркасында 
пассивті иммунитет басым болады, бірак өмірдің бірінші айла- 
рында антиденелерді өзі түзе бастайды. Өмірдін алғашкы жылда- 
рында баланың канында 1§М, І§С иммуноглобулин кластарының 
мөлшері жоғарылайды, кейін мөлшері біршама ғана өзгереді. Жаңа 
туған баланың кіндік канында І§М және І§С, ал 1§А және І§Е сирек 
аныкталады.
Нәрестенін кан сарысуындағы 1§М мөлшері ересек адамдардын 
деңгейінен 10%-ын (0,43 г/л) кұрайды. 1-3 айдан кейін 60—65% — 
ке дейін көбейеді, ал 
1—2 жаста ересек адамнын деңгейіне 
(1,08-1,2 г/л) жетеді. Бірак бұл жаста онын манызды тербелістері бо- 
луы мүмкін. 6 -9 жастағы дені сау балалардың көбісінде жалпы І§М 
деңгейі тұрактанып, ересек адамдардың деңгейіне жетеді.
Нәрестенің кан сарысуындағы 1§С мөлшері ересек адамдардын 
мөлшеріне сәйкес, бірак 1-2 айдан кейін бастапкы денгейінен 30-40% 
дейін азаяды (5,0-7,5 г/л). Содан соң ол біртіндеп көбейеді, 6 айын- 
да 45%, 8—10 айында 62%, 6 жаста 90% (10,8-11,0 г/л), тек 9-12 жаста 
ғана ересек адамдардың деңгейіне (5,4-16,1 г/л) жетеді. І§0 деңгейінің 
калыптыдан ауыткуы иммундык жүйенің жағдайын көрсетеді және 
кауіпті аурудың себепшісі болуы мүмкін.
Нәрестенін канындағы сарысулык І§А өмірдің алғашкы айла- 
рында болмайды. Біртіндеп оның мөлшері көбейеді, ересек адамның 
деңгейіне (15—45 жас) карағанда, ол өмірдін бірінші жылының аяғында 
ересек кезіндегі осы нәруыз деңгейінің 1% (0,06 г/л) кұрайды. 1-3 ай- 
ында ол әдетте 14% кұрайды; 4 -5 айында — 28% , 8-24 айында — 40%, 
6 жаста 65% (1,16-1,25 г/л); 9 жаста — 75% (1,45-1,56 г/л); 12-13 жа- 
ста 90—100% (0,9-4,5 г/л).
Секреторлык І§А және 8С секреторлык фрагменті жаңа туған 
нәрестелерде болмайды, ол тек нәрестенін сөлінде өмірінің алғашкы 
3-шіайындааныкталады. Сондыктан балалардажергіліктіиммунитеттін 
жеткіліксізідігі кездеседі. Бірак нәресте секреторлык І§А ана сүті 
аркылы алады, ол көптеген микроағзалардан шырышты қабатын корғау 
үшін жергілікті иммунитетті туғызады. Жергілікті иммунитеттің толык 
калыптасуы 10—12 жасында аякталады.
І§Е белсенді өндірілуі емшектегі ерте жаста дамиды. Бір жаска 
дейінгі балалардың кан сарысуындағы І§Е қалыпты мөлшерінін 
жиынтығы 3,5—4,0 МБірл/мл аспайды. 4—7 жаска карай балаларда І§Е 
мөлшері барынша жоғары деңгейге көтеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет