66
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
рецепторлар мен Толл-тәріздес рецепторлар жатады. ПТР пато-
генмен ассоциацияланған молекулалык кұрылымдарды (ПАМҚ)
және жасушалардың жойылуы немесе олардын закымдануы
нәтижесінде калыптасатын жасушалардың тіршілігіне кауіпті
жағдайлармен ассоциацияланған молекулалык кұрылымдарды
(ЖКАМК) аныктауды камтамасыз етеді.
• Туа біткен иммунитеттін гуморалды факторлары — оларға
микробка карсы пептидтер, жедел кезен нәруыздары, цитокин-
дер, хемокиндер, кабыну медиаторлары және комплемент жүйесі
кіреді.
•Туа біткен иммунитеттің жасушалык факторлары — шығу тегі
әр түрлі жасушалар жиынтығынан тұрады (нейтрофилдер, эози-
нофилдер, базофилдер, мес жасушалары, ҚК-жасушалары, со-
нымен катар терінің, шырышты кабаттардын және кантамыр
эндотелиінің эпителиалды жасушалары). Аталған барлык жасу-
шаларда ПТР бар, олардын көмегімен патогендерді аныктайды,
содан кейін жояды. Кәсіби антигентанушы жасушаларға жата-
тын туа біткен иммунитет жасушалары (моноциттер/макрофагтар
және дендритті жасушалар) антигендері «өндеу» және «танысты-
руды» жүзеге асыру арқылы адаптивті иммунды жауаптын іске
косылуы мен онын реттелуіне катысады.
Достарыңызбен бөлісу: