58
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
факторлар, полиэлектролиттер, манындағы жасушалармен жанасу,
адгезия мен фагоцитоз үдерістері коздыра алады.
Моноциттер мен
макрофагтардын цитокиндерінің гендері 1 сағаттың ішінде белсенеді,
нәтижесінде цитокиндер тез арада ортада пайда болады. Аталған
жасушалардын цитокиндерінін ішінде кабынудың дамуына катысатын
факторлар
басым
кездеседі.
Монониттер/макрофагтар
бөлетін
цитокиндерді монокиндер деп атайды.
Лимфоциттер цитокиндердің продуценттерінің екінші тобын
қурайды.
Лимфопиттердін барлык түрлері
цитокиндерді өндіре алса
да, СЭ4+ — хелпер жасушалары олардың «маманданған» өндірушісі
болып
табылады.
Коздырылмаған лимфоциттер
цитокиндерді
өндірмейді.
Жасушалардын
коздырылуы
антигендердін
анти-
ген байланыстырушы рецепторларымен және корецепторлардың
сәйкес молекулалармен әрекеттесуінен басталады. Лимфокиндердің
алғашкысы — ИЛ-2 — Т-жасушаларының
цитоплазмасында шира-
тудан кейін 2 сағаттан соң пайда болады, ал баска лимфокин-
дер кейінірек рет-ретімен пайда бола бастайды: ИЛ-4 — 4 сағаттан
кейін, ИЛ-10 — 6
сағаттан кейін, ИЛ-9 — 24 сағаттан кейін. Әр
цитокиннің өнімінін ен жоғары деңгейі әр түрлі мерзімде байқалады:
ИЛ-2 — 12 сағаттан кейін, ИЛ-4 пен ИЛ-5 — 48 сағаттан кейін, ИЛ-9
бен ІҒІЧ-ү-5—6 сағаттан кейін.
Бұл тәртіп Т-хелперлердің пісіп-жетілу үдерістерін бейнелейді.
«Аңкау» С 0 4 + — жасушалары стимуляцияға жауап ретінде тек кана
ИЛ-2- ні өндіреді. Содан соң ТхО-ге айналып, біркатар цитокиндерді
аз мөлшерде бөле бастайды. Жалғаскан (немесе кайталама) коздыру
нәтижесінде ТхО Тхі мен Тх2-ге айналып,
әрқайсысы өзіне ғана
тән(оқулыктын
сәйкес
тарауында
карастырылған)цитокиндердін
жиынтығын өндіреді.
Қалыпты жағдайда
стромалық жасушалар цитокиндерді аз мөл-
шерде өндіреді.
Зақымдау немесе патогендік әсерлер болмағанда цито-
киндердің өнімі кан түзу жасушаларымен тікелей әсерлесу нәтижесінде
коздырылатын сиякты. Бактериялык өнімдер бүл жасушалардың
ТЬК-рецепторларына
әсер етіп, цитокиндердің синтезін белсенді
түрде күшейтеді. Бұл жағдай кан түзу ағзаларымен шектелмей, со-
нымен катар, агрессия аймақтарында экстрамедулярлык кан түзуші
ошактарының калыптасуын мүмкін етеді. Осындай белсенділік
коздырылған терінің және шырышты кабаттардың эпителиалдык жа-
сушаларына да тән.