С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ФАГОЦИТТЕРДІҢ РЕЦЕПТОРЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет33/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ФАГОЦИТТЕРДІҢ РЕЦЕПТОРЛАРЫ
Кан мен тіндердегі туа біткен корғауды негізінен фагоцитарлык жа- 
сушалар камтамасыз етеді, олар сәйкес рецепторларынын көмегімен 
патогендерге тән беткей компоненттерді (ПАМК) таниды және олар- 
ды жұтады. Фагоцитоз — микробтарды ыдыратудын негізгі механизмі, 
сонымен катар ол корғаныс кабынуынын дамуында, адаптивті им- 
мунды жауаптың іске косылуында және патологиялык жағдайларда 
өзгеріске ұшыраған тіндердін репарациясында манызды кызмет 
аткарады. Фагоцитозды көптеген жасушалар жүзеге асыра алады, де- 
генмен негізгі фагоцитарлык жасушаларға 
нейтрофилдер, макрофагтар
және 
дендритті жасушалар
жатады, оларды 
кэсіби фагоциттер
деп 
атайды.
Фагоцитоз дегеніміз рецептор арқылы жүретін үдеріс, бұл кез- 
де бөгде бөлшектер әр түрлі жасушалык рецепторлардың көмегімен 
танылады. Бірак та барлык жасушалык рецепторлар фагоцитозды 
ынталандыра алмайды. Мысалы, толл-тәріздес рецепторлар белгі 
беруші молекулалар тұкымдастығына кіреді, олар жасушамен цитокин- 
дер синтезін белсендіреді (бірінші кезекте макрофагтар мен дендритті 
жасушаларда), бірак бөгде бөлшектерді жұтуды тікелей ынталандыра 
алмайды.
Микробтарды, вирустарды жэне басқа да бөлшектерді тікелей
жутуды ынталандыратын рецепторларды фагоцитарлық рецепторлар
деп атайды.
Олар екі топка бөлінеді:
• 
тікелей тануды
жүзеге асыратын рецепторлар;
• опсониндер көмегімен 
жанама (тікелей емес) тануды
жүзеге асы- 
ратын рецепторлар.
Бірінші топка лектинді рецепторлар, соның ішінде маннозалык 
рецепторлар және скавенджер-рецепторлар кіреді. Макрофагтардын 
маннозалык 
рецепторлары 
С-типтегі 
лектинге 
жатады, 
олар 
сүт коректілердің жасушаларында кездеспейтін, бірак көптеген 
бактериялардың, 
саныраукұлактардың 
және 
карапайымдардын 
бетінде кездесетін манноза калдыктарын таниды. Макрофагтардагы


76
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
маннозалык рецептор кейбір вирустарды, мысалы тұмау вирусы мен 
АИТВ-ны байланыстыра алады (байланысу механизмі әлі толык 
анықталмаған).
С-типтегі лектинді рецепторларға 
дектин-1
де жатады, ол әр түрлі 
бактериялардың жасушалык кабырғасында кездесетін (3-глюканды 
поликанттарды таниды. Бұл рецептор маннандарды да таниды. 
Маннан — дегеніміз маннозасы бар полиқанттар, олар көптеген 
бактерияларға тән.
Скавенджер-рецепторлар 
апоптозды 
жасушалардың 
және 
патогендердің компоненттерін тани алады. Олар төменгі тығыздыктағы 
тотыккан липопротеиндер, липополиканттар, липотейхой кышкылы 
және т.б. сиякты 
полиинионды лигандаларды
байланыстыру кабілеті бар 
әр турлі кұрылымдык топтағы рецепторлар.
Скавенджер-рецепторлар макрофагтарда және дендритті жасуша- 
лардың көптеген түрлерінде кездеседі. Олар грамтеріс және грамон 
бактериялардың, сонымен катар апоптозға ұшыраған жасушалардын 
фагоцитозына катысады, себебі апоптоз кезіндегі жасушалык дегра- 
дация өнімдерінің кұрамындағы сиал қышкылының туындыларын 
таниды. Осы рецепторлардың кызметі мен жұмыс атқару механизмі 
бүгінгі күнде каркынды түрде зерттелуде. А және В типтегі скавенджер- 
рецептор толығырак зерттелгендерге жатады.
А типтегі скавенждер-рецепторларға, мысалы, А1 типтегі ска- 
венджер-рецептор (8К-А1) және МАКСО скавенджер-рецепторы жа- 
тады.
8К-А1
макрофагтарда кездеседі, ол апоптозды жасушаларды, 
бактериялардың ЛПҚ, липотейхой кышкылын, сонымен катар атеро- 
склерозды табақшаларда кездесетін төменгі тығыздыктағы тотыккан 
липопротеиндерді таниды. 5К-АI рецепторы жок тышкандарда грамон 
бактериялармен шакырылатын жұкпаларға, соньщ ішінде алтын 
стафилококк пен листерияларға сезімталдығы жоғарылайтыны көр- 
сетілген.
МАКСО скавенджер-рецепторы
көк бауырдын кан сүзілетін марги- 
надцы аймағында орналаскан макрофагтарда кездеседі. Ол интактты 
бактериялардың байланысуын камтамасыз етеді және олардың кан 
ағымынан шығуына себепші болады.
СӘ36 скавенджер-рецепторы
В типтегі скавенджер-рецепторларға 
жатады. Ол макрофагтарда экспрессияланған және апоптоздык жасу- 
шаларды және паразиттермен зақымдалған эритроциттерді (мысалы, 
безгек плазмодиімен) таниды.


6-Тарау. Туа біткен иммунитеттің рецепторлары және олар танытатын молекулалы..
77
Патогендерді опсониндердін көмегімен тікелей емес танитын екінші 
топтағы рецепторлар, яғни 
опсониндерге рецепторлар
да екіге бөлінеді:
• комплемент нәруздарымен опсонизапияланған бөлшектерді ком- 
плементке байланыстыратын рецепторлар (СКІ, СКЗ, СЯ4);
• микробтарды, вирустарды және баска да бөлшектерді опсониза- 
циялай отырып иммуноглобулиндердін тұракты фрагменттеріне 
байланыстыратын рецепторлар — Ғс-рецепторлар.
Комплементтін С1 және СЗ компоненттеріне арналған рецепторлар 
(СЯ1-СЯ4, СІцЯжәне СЗЬЯ), осы фрагменттермен опсонизацияланған 
бөгде молекулалар мен жасушалардың фагоцитозын ынталандырады. 
Бұл рецепторлар, бірінші кезекте, макрофагтарда, нейтрофилдерде 
және дендритті жасушаларда кездеседі (СЯ4).
Мысалы, макрофагтар мен нейтрофилдерде кездесетін СЯЗ рецеп- 
торынын байланыстыратын екі аймағы бар. Біріншісі — комплементтің 
іСЗЬ фрагментіне, ал екіншісі — микробтардын Р-глюканды поликант- 
тарына арналған. Аталған екі аймакпен байланысу әр түрлі жағдайларға 
алып келеді: іСЗЬ-мен байланысуға фагосома мен лизосоманын 
баяу бірігуі тән және салыстырмалы түрде микробицидтік әсері 
әлсіз фагоцитозды ынталандырады; сонымен бірге бір уақытта 
іСЗЬ-мен және микробты полиқанттармен байланысу, микробтар- 
ды күштірек, әрі тиімді жұтуға және оларды жоюды ынталандырады. 
Бірак макрофагтарға косымша белгілермен әсер ету арқылы, мыса- 
лы, қабынуалды цитокиндерімен әсер ету аркылы иммунды жауапты 
біршама күшейтуге болады және бұл жағдайда тек бір ғана іСЗЬ-мен 
байланысуы жеткілікті.
Ғс-рецепторлар аркылы ынталдыру антиденелермен опсони- 
зацияланған патогендердін, баска да организм үшін бөгде бөлшектер 
мен молекулалардың фагоцитозын жоғарылатады. Қүрамында пато- 
гендер, бөгде нәруыздар, жойылған және закымдалған жасушалардың 
фрагменттері, сондай-ак патологиялык нәруыздар (мысалы, сарысулык 
амилоидты нәруыз) бар иммунды кешендерді организмнен тиімді түрде 
шығару үшін Ғс-рецепторлары аркылы фагоцитоздын ынталануы өте 
маңызды.
Адамда І§С үшін Ғс-рецептордын төрт варианты аныкталған, олар 
аркылы опсонизацияланған бөлшектердін фагоцитозы (ҒсүЯІ, ҒсүЯ2, 
ҒсүЯЗ и ҒсүЯ4) ынталанады. Сонымен катар І§А үшін (ҒсаЯ) және 
1§Е үшін (ҒсеЯ) Ғс-рецепторлар анықталған. Бірақ, туа біткен им- 
мунды жүйенің жасушалары, яғни мес жасушалары, базофилдер және 
эозинофилдерде кездесетін І§Е үшін Ғс-рецепторлар фагоцитарлык


78
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
рецелторлаға жатпайды. Олар аркылы аталған жасушалардын дегра- 
нуляциясы ынталану салдарынан айналысындағы тіндерде кабыну да- 
миды.
Комплементке арналған фагоцитарлык жасушалык рецептор- 
лардыц және Ғс-рецепторлардын негізгі сипаттамалары 6.2-кестеде 
берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет