С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет32/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТТІҢ 
ЕРІГІШ ПАТТЕРН-ТАНУШЫ 
РЕЦЕПТОРЛАРЫ
Коліектиндер мен фиколиндер
дегеніміз көгіжасушалы организмнін 
жасушаларында кездеспейтін, бірак бактерия кабырғасынын кұрамына 
кіретін кейбір көмірсу калдыктарын танитын және оларды байланы- 
стыратын ерігіш нәруыздар. Аталған калдыктармен байланыскан кез- 
де коллектиндер мен фиколиндер 
опсониндер
кызметін аткарады және 
опсонизацияланған патогендердін фагоцитозы ынталанады. Оны- 
мен қоса, микробтармен байланысканнан кейін комплемент жүйесі 
белсенеді (лектинді жол). Коллектиндер кейбір бактериялардын 
кұрамындағы липидтәріздес мембрананы тікелей закымдау аркылы 
жоя алатынын соңғы зерттеулер көрсетті.
Туа біткен иммунды жауапка катысатын үш коллектин мен екі 
фиколин белгілі. Олар шырышты кабаттардың бетінде және канда 
кездеседі. Коллектиндер мен фиколиндер тұкымдастығына жата- 
тын барлык нәруыздарда цистеинге бай аминді ұштары бар, олар 
көмірсутанушы доменнің түзілуіне қатысады. 
Коллектиндер
дегеніміз 
бактериялы жасушалардың бетіндегі көмірсулардың кұрамына кіретін 
Д-маннозамен — кантпен байланысатын манноза байланыстыру- 
шы лектиндер. Фиколиндер N -ацетил глюкозаминмен байланысады, 
олар да бактериялы жасушалардың бетіндегі көмірсулардын кұрамына 
кіреді.
Адамда көбірек зерттелген коллектиндерге 
манноза байланысты-
рушы лектин
жатады. МБЛ және екі адам фиколині (Ь-фиколин 
мен Н-фиколин) сарысулық нәруыздарға жатады. 
М БЛ жедел фаза
наруыздарына жатады,
оны жоғары мөлшерде бауырдын Купфер жа- 
сушалары, жұкпаға жауап ретінде, макрофагтармен түзілетін кабыну 
алды цитокиндерінін әсерінен түзеді. МБЛ омырткалылардын жасу- 
шаларында кездеспейтін, бірак көптеген патогендерде анықталған,


74
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
манноза-кұрамдас молекулалардын кұрамына кіретін гидроксилді 
топтары бар манноза сиякты шеткері канттарды (концевые сахара) та- 
ниды. Сондыктан ол кейбір грамон және грамтеріс бактериялармен, 
саныраукұлактармен және вирустармен (мысалы, тұмау вирусымен) 
байланыса алады. Осы байланыс нәтижесінде патогеннін ыдырауына 
әкелетін комплемент жүйесі белсенеді (лектинді жол). Онымен коса, 
патогендермен опсонизацияланған МБЛ туа біткен иммунды жүйенін 
жасушаларындағы сәйкес рецепторлармен байланысу аркылы олардын 
фагоцитозын ынталандырады.
Шамамен 4% адамдарда нүктелік мутациямен шакырылған МБЛ 
акауы кездеседі. Ондай адамдарда жұкпалы аурулардын даму кауіпі 
жоғарылайды, әсіресе балаларда, себебі оларда антиденелермен 
корғану жеткілікті түрде калыптаспаған. МБЛ акауы бар балаларда ме- 
нингококкты менингитпен ауру кауіпі негізгі популяцияға карағанда 
6 есе жоғары. Индиядағы балаларда өкпе туберкулезінің даму жиілігі де 
осындай мөлшерде.
Туа біткен иммунды жүйенін ерігіш ПТР 
липополисахарид байла-
ныстырушы нәруыз
жатады, ол грамтеріс бактериялардың ЛПС та- 
нитын маңызды рецепторлык молекула. Ол аталған бактериялардын 
жасушалык кабырғаларымен байланысу аркылы кан мен тіндік 
сұйыктыктағы 
опсонизацияланған 
бактерияларды 
туа 
біткен 
иммунитеттің жасушаларындағы ЛПС-рецепторларына тіркейді, ол өз 
кезегінде осы бактерияларды фагоцитозға алып келеді.
Сонымен катар, туа біткен иммуниттін ерігіш ПТР 
қабынудың же-
дел фазалық нэруызына кіретін С-реактивті нэруыз
жатады. СРН бауыр 
жасушаларымен түзілуі кабыну алды цитокиндерінін әсерінен ынта- 
ланады. Кабынуалды цитокиндерін организмге енген коздырғышты 
жұткан макрофагтар синтездейді. СРН деңгейі жедел кабыну кезінде 
екі есе жоғарылайды.
СРН 
пентраксиндер деп 
аталатын 
пентамерлік 
нәруыздар 
тұкымдастығына жатады. Олар кальций-тәуелді серпілістерде ли- 
гандалармен байланысады. 
СРН байланысатын лигандаларға апоп-
тозды жасушалардың фосфолипидтері және грамтеріс бактерияларға
тән ПАМҚ полисахаридтер мен фосфатидилхолиндер жатады.
СРН 
микробтык жасушалардың бетіндегі аталған лигандалармен байланы- 
су аркылы фагоцитозды ынталандыратын опсонин кызметін аткарады. 
Сонымен катар, бұл байланысу комплемент жүйесінін белсенуіне алып


75
келеді, оның салдарынан тағы бір опсонин — СЗЬ түзіледі. СЗЬ нәруызы 
микробтарға жабысады, ал СЗЬ-рецепторлары экспрессияланған фа- 
гоциттерге СЗЬ-мен көмкерілген бактерияларды женіл фагоцитозға 
ұшыратады.
6-Тарау. Туа біткен иммунитеттің рецепторлары және олар танытатын молекулалы..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет