114
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
жүйесінің келесі компоненттерінін активтенуі жоғарыда баяндалған
механизм бойынша жүреді. Активтену кезінде түзілген СЗЬ фрагменті
макрофагтардың СЗ-рецепторларымен байланысады. Сонымен, имму-
ноглобулин молекуласы антиген (бактериялык немесе дәл осы ағза үшін
бөгде жасуша) мен эффекторлы жасуша (макрофаг пен нейтрофил)
арасындагы «көпірше» кызметін аткарады. Мембраны закымдайтын
С5-9 кешені бактериялы жасушаның мембранасын закымдайды, ал
макрофаг ыдырау нәтижесінде түзілген өнімдерді жұтады.
Достарыңызбен бөлісу: