С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ



Pdf көрінісі
бет49/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

8-Тарау
КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ТУА БІТКЕН ЖӘНЕ АДАПТИВТІ 
ИММУНДЫ ЖАУАПТАҒЫ МАҢЫЗЫ
Комплемент жүйесінін күрылысы мен кызметтері. Комплемент жүйесінің
классикалык жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің биологиялык
әсерлері. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі. Компле-
менттің лектинді жолмен активтенуі. Комплемент жүйесінің нәруыздарына
арналган репепторлар. Комплемент жүйесіндегі бүзьыыстарға байланысты
аурулар. Комплемент жүйесінің бұзылыстарын аныктау мәселері.
КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Комплемент жуйесі — қан сарысуының ферменттік жуйесі, оның
негізгі қызметі
— 
антигендерді ыдырату.
Комплемент жүйесіне кіретін нәруыздарды 
комплементтің компо-
ненттері
деп атайды. Комплементтің компоненттері активтенуге 
дейін беген түрде болады. Активтену басталғаннан кейін олар бір- 
бірімен тізбектесе байланысады, нәтижесінде біркатар биологиялык 
кызметтерді аткаратын молекулалар мен кешендерді өндіреді.
Неміс бактериолог-гигиенисті Р. Пффейфер мен орыс эпидемиолог- 
бактериологы В.И. Исаевтың тәжірибелері комплементті зерттеудін 
негізін калады. Олар тырыскак вибрионымен іп ұііго тәжірибесінде, 
теңіз доңыздарынын тырыскакка қарсы табиғи сарысуы болған кезде 
ғана бактериялардың лизиске ұшырайтынын дәлелдеген, яғни бак- 
териолиз кұбылысын ашкан. Сарысуды 56 °С 30 минут кыздырғанда, 
ультракүлгін сәулелерімен әсер еткенде және ортаның рН өзгерткен 
жағдайда онын лизистік белсенділігінін жойылатыны аныкталған. Ал 
теңіз доңыздарынын жаңа сарысуын косканда, сарысудың тырыскак 
вибриондарын жою қабілеті калпына келетіндігі белгілі болды. Со-


104
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
нымен, фагоцитоз бен бактериялардың лизисі кезінде антиденелердің 
әсерін толыктыратын «бір зат» бар деп болжамданды. Оны комплемент 
деп атады 
(Іо сотріетепі
— толыктыру).
Кейінерек бельгия бактериологы Ж. Борде комплементті алексин 
деп атады және оған термолабилді фактор деп сипаттама берді. 1901 ж. 
Ж. Борде мен О. Жангу 
комплементті байланыстыру серпілісін
ашты. 
Бұл серпіліс шағын көлемдегі зерттеу орталарында, жоғары дәлділікпен 
антигендер мен антиденелерді аныктауға мүмкіншілік береді. Бүгінгі 
күнге дейін аталған серпіліс кейбір зертханаларда колданылады.
«Комплемент» терминін иммунологияның негізін калаушылардын 
бірі, Нобель сыйлығынын лауреаты П. Эрлих біржола енгізді.
Комплемент жүйесі
ағзаньщ негізгі арнайы емес гуморалдык 
коржаныс факторларынын бірі болып саналады. Комплементтін 
компоненттері мен онын рецепторлары, сонымен катар белсену кезінде 
түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үдерістерге катысады 
және олар келесі әсерлерді тудырады:
• микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;
• фагоцитозды күшейту;
• лейкоциттерді белсендіру және оларды кабыну ошағына тарту (хе- 
мотаксис);
• кейбір вирустарды бейтараптау;
• иммунды кешендерді шығару.
Сонымен катар комплемент жүйесінің белсенді нәруыздары 
аллергиялык және аутоиммундык аурулар, трансплантация мен баска 
да жағдайлар кезінде куатты кабыну медиаторлары болып табылады.
Комплементтің белсенуі нәтижесінде кұрамына І§М мен І§С 
класындагы антиденелер кіретін иммунды кешендердің катысуымен 
микроорганизмдер ыдырайды, сондай-ак комплемент жүйесінін 
нәруыздары жұкпалы коздырғыштардын ПАМК байланысуы аркылы 
патогендердің де ыдырауын жүзеге асыра алады. 
Осының арқасында
комплемент адаптивті жэне туа біткен иммунды жауапта иіешуші
қызмет атқарады.
Комплемент жүйесі калыпты кан сарысуында кездесетін нәруыздар 
аркылы белсенуі мүмкін. Ол молекулаларды кабынудын жедел кезеңінін 
нәруыздары деп атайды, атап айтсак оларға коллектиндер, фикол- 
линдер және С-реактивті нәруыз жатады. Бүл нәруыздар туа біткен 
иммунитеттін ерігіш паттерн-танушы рецепторларына жатады, себебі 
олар бактериялардың, вирустардың және баска да патогендердің ПАМК 
тану кабілеті бар. Осындай байланысу салдарынан комплементтін


8-Тарау. Комплемент жүйесі және оның туа біткен және адаптивті иммунды...
105
белсенуі коздырғыштын ыдырауына әкеледі. Комплемент жүйесінін 
фрагменттері мен кешендері тудыратын биологиялык әсерлер пато- 
гендер мен антигендерді ыдыратумен катар, туа біткен және адаптивті 
иммунитеттін көптеген иммунды үдерістеріне реттегіштік әсер етеді.
Комплементтін 
белсену 
жолына 
катысатын 
нәруыздардың 
күрылымдык ұксастыктары, эволюиия барысында бұл жүйенің 
рудиментарлык туа біткен иммундык жүйесі бар омырткасыздарда да 
болғанын көрсетеді. Адаптивті иммундык жүйесінін компоненттері 
жок карапайым көпжасушалы организмдерде комплемент жүйесімен 
байланыскан нәруыздар бар.
Омырткалыларда, соның ішінде сүткоректілер мен адамдарда, 
комплемент жүйесі туа біткен және адаптивті иммунды жауаптын 
эффекторлык тізбегіне катысады. Бірак, комплемент жүйесінің 
белсенуі нәтижесінде түзілген молекулалар мен кешендердін барлык 
биологиялык кызметтері туа біткен иммунитет жасушаларының 
белсенуіне тәуелді. Бүл комплемент жүйесінін эволюциялык шығу 
тегін көрсетеді.
Туа біткен иммундык жүйенін жасушаларындағы арнайы ре- 
цепторларымен байланысу осы жасушалардын (макрофагтардың, 
нейтрофилдердің, мес жасушаларының және базофилдердің) арнайы 
кызметтерін іске косады, нәтижесінде кабыну дамиды және иммунды 
реттегіш молекулалар түзіледі.
Комплемент 
жүйесінің 
барлык 
нәруыздарын, 
тежегіштерін, 
реттегіштерін және рецепторларын белгілейтін біртұтас жіктелу 
жүйесі енгізілген. Мәселен, комплементтің компонентін С әріпімен 
(ағылшынның с о т р іе те п і деген сөзінен) және араб сандарымен 
белгілейді. Комплементтің тоғыз негізгі компоненті бар, олар С1, С2, 
СЗ, С9. Комплемент компоненттерінің сандык белгіленулері олардын 
ашылу хронологиясына сәйкес келгенімен, активтенуге катысу 
тәртібіне сәйкес келмейді. Ферменттік ыдырау нәтижесінде түзілген 
фрагменттерді «а», «Ь» және баска әріптермен белгілейді, мысалы, 
С2а, С2Ь және баска. «Ь» әріпімен мөлшері бойынша үлкен фрагментін 
белгілейді және ол комплементтің келесі компонентінің ыдырауына 
қатысады. Ал «а» әріпімен белгіленген фрагмент әдетте, ерігіш түрде 
кездеседі және оның хемотаксисті шакыру кабілеті бар. Біріккен 
фрагменттер ферменттік белсенділігі бар кешендерді түзеді, оларды 
белгілегенде кейде жоғарғы жағынан сызыкша кояды. Комплементтін 
компоненттеріне арналған рецепторларды СКІ, СК2 және т.б. 
белгілейді (ағылшынның со тр іе те п і гесеріог деген сөзінен).


106
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
Комплементтін нәруыздарын организмнін көптеген жасушала- 
ры түзеді: гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі, 
бүйрек түтікшелері, эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б. 
Әр түрлі жасушалар комплементтін бір немесе бірнеше компоненттерін 
өндіруі мүмкін. Комплементтің 90% артык нәруыздары бауырда түзі- 
леді. Бауыр сарысулык С4 компонентінін негізгі көзі болып табылады, 
ал С1 компоненті басымырак түрде ашішектін эпителиінде түзіледі.
Комплемент компоненттерінін түзілуінде басты кызметті макрофаг- 
тар аткарады, мысалы, макрофагтар және Купфер жасушалары Сің, 
С4, С2, СЗ, С5 және С6 өндіреді. Осы жағдай макрофагтар мен ком- 
племент жүйесі арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
Май тінінде пропердин жүйесінің О және В факторлары, сонымен 
катар СЗ компоненті түзіледі. Иммунды жауап кезінде СЗ компонентінін 
лимфоидты тіндермен жергілікті өндірілуі мүмкін. Кабынуалды 
цитокиндері (ИЛ-1, 6 және ІҒКІ-ү) бауырда комплементтің көптеген 
нәруыздарының түзілуін ынталандырады, сондыктан оларды жедел 
кезен нәруыздарына жатқызады.
Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен 
катар биологиялык сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі. 
Комплементтің компонеттері анадан балаға плаңента арқылы өтпейді.
Үш айлык нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі 
ересек адамдардың деңгейіне сәйкес келеді.
Бүгінгі күнде комплемент жүйесі белсенуінін 
3 жолы
белгілі:
• классикалык жол;
• альтернативтік жол;
• лектинді жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет