8-Тарау. Комплемент жүйесі және оның туа біткен және адаптивті иммунды.
107
тормен немесе
баска кұрылыммен байланысады, ал екіншісі — келесі
компоненттін белсенуін болдырады.
Комплемент жүйесінің белсенуі геометриялық прогрессия заңы бой-
ыниіа жүреді,
яғни белсенудің әрбір кезенінде көптеген жана моле-
кулалар косылып отырады. Сондыктан
тек бір С1 молекуласының
белсенуі мыңдаған мембрананы зақымдайтын белсенді С5—9 кешендерінің
(лизистік кеиіендер) тузілуіне
алып келеді,
олар нысана-жасушалардың
мембранасын закымдайды.
КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ
ЖОЛМЕН БЕЛСЕНУІ (АКТИВТЕНУІ)
Комплемент жүйесінің
классикалық жолмен
белсенуі
арнайы
болып
келеді, себебі оның басталуы үшін
антиденелер қатысуы керек.
Комплементтін классикалык жолмен белсенуі иммунды кешендер-
дің түзілуінен басталады. Бірак, мұндағы манызды жағдайдын бірі —
иммунды кешендердін кұрамында иммуноглобулиндердің белгілі бір
кластары мен класшалары кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда
оларға
ІрМ, І§С1
және
ІқСЗ
жатады.
С1 молекуласы мен антиген-антидене кешенінін байланысуы —
классикалык жолдың негізі болып табылады. Нәтижесінде компле-
мент жүйесінін белсенуі басталады. С1 компоненті 3 суббірліктен
тұрады: Сір, С іг және СІ8. Олар белсенуге
дейін кан плазмасында
байланыспаган түрде кездеседі. Активация басталу үшін аталган үш
суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинакталуы», яғни ферментативтік
белсенділігі бар С1 молекуласы катыптасуы керек. Бірак суббірліктер
«жинакталу» үшін келесі жағдайлар керек.
Біріншіден, комплемент жүйесі классиксиіық жолмен активтену
механизмі басталу үшін антиген антиденемен байланысып, иммунды ке-
шен түзілу керек.
Иммунды кешендер түзілген жагдайда,
иммуноглобулиндердің Ғс-
фрагменттері ұзындығы кыскаруымен сипатталатын өзгерістер баста-
лады. Мұндай иммуноглобулин молекулаларының конформациялык
кайта кұрылуынын нәтижесінде С іц байланысуы үшін белсенді
орталық түзіледі. Аталған орталык СН2 доменінде, иммуноглобулин
молекуласынын шиыршыкты аймағына жакын калыптасады.
Екіншіден,
Сіц эффективті байланысу үшін СН2 доменде бір
орталыктың болуы жеткіліксіз.
Кем дегенде осындай екі орталық
және олар бір-бірінен белгілі бір ара кашыктыкты болуы тиіс. Бүл
108
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
ара кашыктык ЮОА (іА = ю-8 см) артык болмауы керек және ол
кашыктыкты
«критикалық»
деп атайды.
Байланыскан Сіц молекуласына С іг суббірлігі, одан кейін С 15
косылады. Нәтижесінде эстеразды белсенділігі бар С1 молекуласы
түзіледі. Ол комплементтін белсенуінін келесі кезендерін іске косады.
Егер антигенмен байланыскан І§С молекуласының Ғс-фрагменттері
арасындағы ара кашыктык юоА артык болса, Сіц суббірлігінін
эффективті
байланысуы болмайды, осынын салдарынан компле-
мент жүйесінін келесі кезендерінін активтенуін камтамасыз ететін СІ
молекуласынын «жинакталуы» жүзеге аспайды. Бұл жағдай жиірек бо-
луы мүмкін, сондыктан І§0 комплемент жүйесінін салыстармалы түрде
эффективтілігі төмен активатор.
Сарысулык
І§М
молекуласынын
пентамерлік
стереохимия-
сы келесідей: оның көршілес мономерлік суббірліктері бір-бірінен
«критикалык» ара кашыктыкта орналаскан, яғни І§М молекуласы
кұрылымынын өзі С ія эффективті байланысуын камтамасыз етеді.
Сондыктан
І%М
барлык
иммуноглобулиндердің ішінде
комплемент
жүйесін классикалық жолмен белсендіретін ең қуатты активатор
болып
табылады.
Активтенген С1 молекуласы жасуша мембранасындағы сәйкес
орталыктармен байланысады және С4 пен С2 молекулаларынын
активтенуі мен ыдырауын тудыратын катализдеу орталык кызметін
аткарады. С4 компоненті 2 фрагментке ыдырайды: С4а және С4Ь. С2
компоненті де С2а және С2Ь фрагменттеріне ьщырайды (8.1-сурет).
С2 және С4 молекулаларынын әрбір жұбы ьщырған жағдайда
түзілген С4а мен 2Ь сұйык фазаға өтеді, ал калған С4Ь мен С2а
фрагменттері С4-2 кешенін түзеді. Ол кешен С1
молекуласынан босай-
ды да жасуша мембранасымен байланысады. Ал босаған С1 келесі С4
пен С2 молекулаларын ыдыратады. Осылайша әсер үдей түседі.
С4-2 кешені өз кезегінде СЗ компонентін активтейтін және ыды-
рататын катализдік орталыкка айналады. СЗ екі фрагментке ыдырай-
ды: СЗа — сұйык фазаға өтеді, ал СЗЬ жасуша мембранасымен бай-
ланысады. СЗЬ фрагменті С5 компонентін ьщырататын катализдік
орталык кызметін аткарады. Активтену нәтижесінде түзілген С5а
сұйык фазаға өтеді, ал С5Ь жасуша
мембранасымен байланыскан
түрінде калады.
С5Ь өте лабилді және ол тек С6 және С7 компоненттерімен бай-
ланыскан кезде тұрактанады. С5Ь67 кешені ерігіш немесе нысана-
жасушаның мембранасымен байланыскан түрінде болуы мүмкін. Мем-
8-Тарау. Комплемент жүйесі және оның туа біткен және адаптивті иммунды...
109
С4а
Достарыңызбен бөлісу: