КОМПЛЕМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Көптеген аурулар кезінде комплемент жүйесіне баға беру әдістері
толык акпарат бермейді, бірак бүл жүйені одан әрі карай зерттеу ауру-
дың әр түрлі кезендерінде комплементтін нәруыздары мен/немесе
оларға арналған рецепторларының концентрациясы бойынша инди-
видуалды өзгерістер динимикасына корытынды жасауға мүмкіндік
береді. Анамнезінде генетикалык аномалиялармен байланысы бар жиі
бактериялы жұкпалар болған жағдайда
комплемент жуйесін міндетті турдезерттеу керек. Жүйелі кызыл жегі ауруы да комплемент жүйесінін
туа біткен жетіспеушілігімен жиі ассоциацияланған.
Көптеген аурулар кезінде кан сарысуында комплемент компонент-
терінің деңгейі төмендейді. Комплементтін жетіспеушілігі онын пайда-
лануының, ыдырауының және тежегіштер өндірілуінін жоғарылауымен
байланысты болуы мүмкін, сондай-ак компоненттер өндірілуінін
генетикалык түрғыда төмендеуі, аутоантиденелердін әсері және баска
да факторлар әсерінен болуы мүмкін. Клиникада комплемент компо-
ненттерінің концентрациясының төмендеуі туралы мәліметтер жо-
ғарылауына карағанда маңызды. Себебі, комплементтің компоненттері
жедел кезендік нәруыздар кызметін аткаратын болғандыктан, олардын
деңгейінің жоғарылуы тек өндірілудің жоғарылауын ғана емес, соны-
мен катар кабыну үдерісі мен тежегіштердін жетіспеушілігін және т.б.
жағдайларды сипаттауы мүмкін.
Комплемент жүйесінің проблемалары иммунологтардын үнемі на-
зарында. Әрине, алғашында комплемент тек жүкпалардан корғану
механизмі ретінде ғана карастырылған. Комплементтің нәруыздарына
арналған рецепторлардын ашылуы және баска да реттегіш факторлар-
дын аныкталуы комплемент жүйесіне баска көзкараспен карауға
мүмкіншілік берді. Комплемент жүйесі активтенуінің жетіспеушілігі
біркатар аурулардың патогенезінде маңызды рөл аткаратыны белгілі
болды. Комплементтін иммунды жүйенің кызмет аткаруындағы шы-
найы орны мен көптеген ауруларынын патогенезіндегі маңызын әлі де
аныктау керек.