36. Иммуноглобулиндердің кластары: иммундық жауаптағы негізгі сипаттамалары мен қызметтері



бет1/3
Дата16.12.2022
өлшемі27,17 Kb.
#162992
  1   2   3
Байланысты:
36–40


36. Иммуноглобулиндердің кластары: иммундық жауаптағы негізгі сипаттамалары мен қызметтері.


Иммундық жауап (Иммунологиялық реактивтік) — иммунды реакциялар. Бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әр-түрлі иммундық жауап бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В лимфоциттердіц «иммундық есте сақталуының», иммундық төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен алғаш және кейін кездесуіне сай біріншілік және екіншілік иммундық жауап береді. Біріншілік Иммундық жауап— антидене түзегін плазмалық торшалардың саны біршама бәсеңдеу көбеюуімен, иммуноглобулин жинақталуымен және олардың қанда пайда болуымен сипатталады. Антиген енгеннен кейін алғашында ИГМ антиденесі пайда болады, ал бірнеше күн өткен соц ИГМ-ның орнына ИГО антиденелері жинақтала бастайды. Екіншілік Иммундық жауап антигенмен екінші рет қайталап кездескенде пайда болады. Біріншілік жауапқа қарағанда жасырын мерзімі қысқа, көбею уақыты жедел және антиденелер титрі жоғары болады. Екіншілік жауап кезінде ИГМ мен ИГО антиденелері (ИГО басымырақ) пайда болады. Екіншілік иммундық жауап антигеннің бірінші енгенінен кейін және иммундық есте сақтау құралған соң көптеген айлардан немесе жылдардан кейін пайда болуы мүмкін. [1]


37. Т-лимфоциттер: субпопуляциялар, антигенді тану, иммундық жауаптағы қызметтері.

Иммунитетті пайда болу орнына, әрекет механизміне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді:


1.Жасушалық
2.Гуморалдық
3.Молекулалық 
Жасушалық иммунитет — бұл иммунитет түрінде, антидене де комплемент жүйесіде қатыспайды.Жасушалық иммунитет кезінде макрофагтар,табиғи киллерлер,антиген спецификалық цитотоксикалық Т лимфоциттер белсенеді және антигенге қарсы жауап ретінде цитокиндер түзіледі.
Т лимфоциттер бұл-жасушалық иммунитетке жауап беретін лимфоциттердің субпопуляциясы.Субпопуляция құрамына:
1.Т хелперлер (Th1,Th2,Th3,Th9Th17,Th22);
2.Т киллерлер(цитотоксикалық Т лимфоциттер );
3.Т супрессорлар және эффекторлар,регуляторлар жатады.
Жасушалық иммунитет
Жасушалық иммунитет реакциялары тимустан шығатын Т-лимфоциттермен іске асады. Тимуспен Т-лимфоцит жасушалық иммунитет жүйесін, басқаша айтқанда Т-жүйені құрайды. В-жүйенің қызметін Т-жүйе қадағалайды.
Т-жүйенің орталық мүшесі айырша без, шеткісі – көк бауырдың, лимфа түйіндерінің және басқа лимфа шоғырларының Т-тәуелді аймақтары.
Жасушалық иммунитет, әрине, басқа жасушаларды жоятын және фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған. Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің түрі әртүрлі саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, жасуша ішіндегі бактериялар мен ісік жасушаларынан қорғануға ат салысады.
Жасушалық иммундық жүйе жұмысы Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды ангтигенді өзіне қарай тартады антиген жасушаға енеді жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды антиген қорытылады
Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері: 
1. Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен қамтамасыз ету Т-жүйесінің негізгі қызметі: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға (мутантты және ісік жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар, бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етеді. Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы фагоцитарлық түрдегі жауапты қалыптастырады.
2. Иммунитеттің Т-жүйесі табиғатта кездесетін көпшілік антигендерді тануға және жасушалық, гуморалды иммунды жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады.
3. Т-жүйесі иммунды жауапы реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді ынталандыратын және тежейтін Т-хелперлер мен Т-супрессорлар өздері өндіретін лимфокидерінің көмегімен қатысады.
4. Т-жүйесі иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына және оның сақталып тұруына қатысады. Иммунологиялық төзімділік дегеніміз организмнің меншікті антигендеріне қарсы арнайы иммунологиялық ареактивтілік.
5. Жетілген эффекторлы Т-лимфоциттер иммунологиялық зерде қызметін, яғни организм антигемен қайталап әрекеттескен жағдайда иммунды жауаптың жылдам қалыптасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет