Development trends of modern education
48
ал білім беру саласындағы зерттеулер әдістемелік тәсілдерге негізделген. «Іс-
әрекеттегі зерттеуде» әдістеме көбінесе «тәжірибеге бағынады», бұл зерттеуші-
мұғалімге өзгертулер енгізу құқығын береді.
Осылайша, іс-әрекеттік зерттеу әдісіне өздерінің дағдыларын, әдістері
мен стратегияларын жетілдіру үшін жұмыс жасайтын адамдар қатысады. «Іс-
әрекеттегі зерттеу» дегеніміз – бұл біз белгілі бір затты не үшін
жасайтындығымыз туралы емес, оны қалай жақсартуға болатындығы туралы
әдіс [3].
Химия сабақтарында оқушыларға толық жауапты қажет ететін
құрылымдық тапсырмалар мен ашық сұрақтар
берген кезде оқушылар
академиялық тілді қолдана отырып жауап жазу барысында олардың
қиналатындығын, көп кедергілерге ұшырайтындығы байқалды. Химиядағы
академиялық тілге пәндік арнайы терминология мен грамматикалық ережелер
немесе сол саладағы тілдік қолданыстар жатады. Академиялық тіл деңгейі
оқушылардың жетістіктерін күшейтеді.
Пәнге қатысты терминология әдетте күрделі болып келеді. Бір термин
бірнеше басқа терминдермен байланысты болуы мүмкін. Бұл терминді түсіну
үшін оқушы басқа терминдерді білуі және түсінуі қажет. Терминдерді тиімді
қолдану химия сабақтарында практикалық зерттеу нәтижелері туралы есептер
жазу кезінде өте маңызды,
мұнда оқушылар талдау, салыстыру, жіктеу, себепті
анықтау, түсіндіру, бағалау, гипотеза жасаулары қажет [4].
Бұл мәселе оқушылардың ішкі және сыртқы жиынтық бағалау
емтихандарын тапсыру кезінде байқалды. Яғни оқушылардың жұмыстарын
белгілі бір кілт сөздерді, терминдерді қамтитын бағалау схемалар бойынша
тексерген кезде олардың жауаптары көп жағдайларда ол схемамен сәйкес
келмей жатты. Нәтижесінде оқушылар тиісті балын ала алмайды. Сондықтан
осы мәселені шешуде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қазақ тілі мен химия
пән
мұғалімдерінен топ құрылып, білім алушылардың жазылым дағдысының
әлсіздігі мәселе болғандықтан, «Жазылым дағдысын дамытуда графикалық
органайзердің тиімділігі қандай?» деген тақырыпта зерттеу жүргізу алға
қойылды. Зерттеу тобының алғашқы отырысында оқыту барысындағы ортақ
өзекті мәселе мен зерттеудің мақсаты, зерттеу тақырыбы үшін қандай қосымша
материалдар мен ресурстардың басшылыққа алынатыны, оларды іріктеу мен
оқыту кезінде қолданылатын әдіс, тәсілдері
таңдалынып талқыланды, зерттеу
мақсаты айқындалды: оқушыларға жазбаша тапсырмаларды графикалық
органайзерлерді пайдаланып орындауға үйрету.
Графикалық органайзер – бұл мазмұнды бейнелейтін визуалды қарым-
қатынастың көрнекі құралдары. Ол оқушылардың ойларын жүйелеудің,
визуальдау арқылы ақпаратты түсінудің және қысқа және ұзақ мерзімді есте
сақтаудың құрылымын қамтамасыз етудің ең жақсы әдісі. Иллюстративті,
коммуникативті және когнитивтік функцияларды орындайтын дидактикалық
құрал ретінде графикалық органайзерлер ақпарат тасымалдаушысы ретінде
ғана емес, сонымен бірге оқушылардың оқу жобаларын жоспарлау, мәселелерді
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
49
шешу, шешім қабылдау, зерттеу және бағалау жұмыстарын жүргізудегі
белсенділіктерін қолдау үшін қолданылады [5].
Сабақ барысында көп жағдайда әмбебап графикалық органайзерлерді:
«KWL chart», «өрмекті диаграммаларын» және «гамбургер» органайзерлері жиі
қолданылды. Себебі бұл органайзерлерді түрлендіріп, әртүрлі
оқу мақсаттары
үшін қолдана беруге болады. Кей жағдайда оқушылар ресурстардың көлеміне
және күрделілігіне байланысты тақырыпқа бейімделген органайзерлерді
дамыта алады. Белгілі бір білім беру мәселелерін шешуге көмектесетін
көптеген графикалық әдістер де бар. Олар визуалды, коммуникативті
функцияларды орындайтын дидактикалық құралдар ретінде қолданылады.
Зерттеу тобындағы әріптестермен бірлесе отырып, іс-әрекеттегі зерттеу
барысында төмендегідей зерттеу әдістерін қолданып, зерттеу жүргіздік:
– сауалнама жүргізу;
– сабақты бақылау;
– нәтижелерді талдау.
Қазақ тілінде оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуда міндетті
мәтін атқарады.
Мәтін түрін, күрделілігі ескеріліп
таңдалған мәтінмен жұмыс
жасау арқылы талдау дағдысын қалай дамытамыз? Ол үшін Блум
таксономиясына сәйкес тапсырма түрлері мен сұрақтарын беру ұсынылады.
Тапсырма түрлері: талдау, тексеру, эксперимент жүргізу, салыстыру,
айырмашылықтарды анықтау. Бұл іс-әрекеттер химия пәнінде де жүзеге
асырылатындықтан, күнделікті сабақ жоспары бірлесе, ақылдаса отырып
жоспарлау жолға қойылды.
Зерттеуге 8-сынып оқушылар қатысты. Себебі жоғары мектепке барғанда
ғылыми есеп жазу оңай болатындай етіп, академиялық жазу дағдыларын орта
деңгейден бастап біртіндеп жетілдіру қажет деп есептедік. Зерттеу
проблемасын анықтау мақсатында зерттеуге алынған сынып оқушыларына
сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамада 1-кестедегі сұрақтар қамтылды:
Достарыңызбен бөлісу: