«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет25/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
№ 
Сұрақтар 
Иә / жоқ 

Мәтінді түсінемін 

Мәтінді талдай аламын 

Термин сөздердің анықтамасын сауатты, талдап 
жазамын 

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыра аламын. 

Қажетті ақпараттарды пайдаланып сипаттама бере 
аламын 

Мәтін мазмұны арқылы тірек -сызба құрастыра аламын.

Мәтін арқылы қорытынды жасай аламын 

Мәтін арқылы ойымды кілттік сөзді қолданып жазбаша 
жеткізе аламын 

Өз ұсынымды беруде қиналамын 


Development trends of modern education 
50 
Сауалнаманың 
«мәтінді 
түсінемін» 
деген 
сұрағына 
8-сынып 
оқушыларының 95 %-ы, «Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыра 
аламын», «қажетті ақпараттарды пайдаланып сипаттама бере аламын» деген 
сұрақтарға осы сыныптардың 80 %-ы «иә» деп жауап берді. «Мәтінді талдай 
аламын», «Мәтін арқылы қорытынды жасай аламын» сұрағына – 68 %, «Өз 
ұсынымды беруде қиналамын» – 86 % оқушы «иә» жауабын таңдаса, «Мәтін 
арқылы ойымды кілттік сөзді қолданып жазбаша жеткізе аламын» сұрағына
50 % «иә» деп жауап берген. Сауалнама нәтижесіне сараптама жасай отырып, 
салыстыру,талдау және бағалау дағдылары бойынша кедергілер көп сыныптар 
таңдап алынды. 
Сауалнама 
нәтижесіне 
сараптама 
жасай 
отырып, 
сыныптағы 
қиындықтарды нақты анықтап, оқушылардың ойын қағазға жазбаша түсіруде 
қаншалықты тілдік қолдауды қажет ететіндігіне талдау жасадық. Аталмыш 
қиындықтар басшылыққа алына отырып, химия және қазақ тілі сабақтарын 
бірлесе жоспарлау жүзеге асты. Әріптестермен сабақтарды өткізіп, бақылауды 
жүзеге асырдық
.
Зерттеудің алғашқы қадамында әдебиеттерге шолу жасап, жазбаша мәтін 
түрлерін және олармен жүргізуге болатын жұмыс түрлерін іздестірдік. 
Оқыту үдерісінде оқушыларға химиялық терминдерді игерту өте 
маңызды. Сол терминдер арқылы берілген оқу мақсатына сәйкес оқу мазмұнын 
игеруге ықпал етеді. 8-сыныпта оқушыларға «Су – тіршілік көзі» тақырыбы 
бойынша өткізілген сабақта судың бірегей қасиеттері, судың ластануы туралы 
химия сабағында шағын эссе жазу тапсырылса, осы тақырып бойынша қазақ 
тілі сабағында мәтінмен жұмыс жүргізіліп жақсы нәтижелерге жетуге 
мүмкіндік берді. Оқушылар судың химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін 
санамалау арқылы тақырып бойынша аралас және тұтас мәтіндер құрастырып
қорғай алды. Тапсырманы диаграмма түрлері арқылы қорғау міндеттелді, 
себебі графикалық органайзер түрлерін қолдану арқылы оқушылар оқыған 
мәтіннен тиімді жолмен ақпаратты алады. Судың ласнтануы туралы мәтінді 
талдау жұмысында оқушылар өз түсініктерін графикалық органайзердің 
түрлерін (дара, торлы, қос диаграммалар) қолдану арқылы жазбаша жазып, 
сызып қорғап, ауызша қорғаулары тиімді болды.
Сонымен бірге зерттеу 
жүргізілген сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Су
тапшылығы» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Таңдалған оқу мақсаты: 
8.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген
ақпаратты сипаттау. 8.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде 
берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу. Оқу мақсаттары оқушылардың 
айтылым дағдысын тұтас емес мәтіндер арқылы дамытуды көздегендіктен, 
тақырыпқа сай төрт түрлі инфографикалық мәтін таңдалды. Инфографикада 
табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау мен еліміздегі экологиялық жағдай 
бойынша жалпы ақпарат берілген. Оқушылар жеке жұмыстанды. Мәтіндерді 
жан-жақты зерттеп, талдау мақсатында оқушыларға «Мәселені қалай шешуге 
болады? Мәселенің шешу жолдары бар ма?» деген сұрақтар берілді. Бұл талдау 
сұрақтары оқушыларға қиындық тудырмады, мәтіндегі ақпараттарды зерттеп, 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
51 
түсіндірді. Оқушылар инфографиканы жан-жақты талдап түсіндірген соң 
айтылым тапсырмасы бойынша жұп құрап, диалог құрылды. Оқушылар сабақ 
барысындағы қолданған диаграммаларға, сызбаларға сүйеніп, ойларын 
жинақтады, сұрақ-жауап сәтті жүзеге асты. Себебі алдыңғы сабақтағы су 
тақырыбындағы ақпараттарды есте сақтап, қорғау барысында тиімді қолданып, 
жаңа 
сабақпен 
байланыстырып, 
мәліметтерді 
ұтымды 
ұйымдастыру 
графикалық органайзердің тиімділігін білдіреді. Жұп арасындағы жүйелі кері 
байланыс тапсырманың сәтті орындалғанын, оқушылардың пәнаралық білім 
деңгейлерін көрсетті.
Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде 
сауатты жеткізе білу. Оқушыға өз түсінігін жинақтап, сауатты жаза білуге 
дағдыландыру үшін графикалық органайзер түрлерін тиімді қолданудың 
пайдасы өткізілген сабақтар барысынан байқалды.
Пән бойынша өткізілген бірнеше сабақты бақылау қорытындысы 
бойынша оқушылардың талдау дағдыларын дамытудың мынадай тиімді 
тұстары анықталды: 
– Айтылым, жазылым дағдыларының (продуктивті дағдылар) дами түсуі; 
– Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дамуы; 
– Ақпаратты талдау, салыстыру, мәтіндегі ақпаратқа баға беру
– Мәтіндерден ақпаратты жинақтау, оны өңдеу мүмкіндігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет