ISSN 1563-0223
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170). 2018
67
Ыбырайқызы Г.
Қатын өзені-ақ Біздің бейшара тірлігіміздің
мазақшысы емес пе. Енді... енді ол қаһарлы
Қатынға қылбұрау түсіп, дәл бауыздауынан
бөгеп ГРЭС салмақ. Бұл хабардан осы өңірдің
өр кеудесін жайлаған қазақтар хабарсыз еді.
Өйткені жоспаршылар жойқын құрылыс са
-
ларда жергілікті халықпен ешқашан санасқан,
ақылдасып, кеңескен емес. Есептемейді де, есеп
-
тесе, есептен жаңылады. Алтайдың қос бұрымы
бар десек, бірі мынау Қатын суы болса, екіншісі
Бұқтырма болатын. Сол жарықтық Бұқтырманы
бұрқатып бөгерде де сөйткен, тұрғылықты
жұртшылықтан рұқсат сұраған емес, ал енді
сол бөгесіннен пайда болған жасанды теңіздің
астында не қалмады:
атамекен, бабалардың
бейіті, екі ауданның егістік жері қалды. Тәңірім-
ау, толайым тарихымыз су астында қалды!
Кәне осы сорақылықтан дүниенің қылшығы
қисайғаны?! Әне, Қатынға да қауіп төнді. Асыл
Қатын бұғауланбақ» (Бөкей, 2013: 190).
Жазушы Алтайдың сұлулығына сұқтана
түскен санасы біртіндеп қайта жаңғырып, «адам
болып» келе жатқан Таған таудағы Шал үйінен
қайтарда осы бір ой тасқынын сел құйғандай
төпелеп, өз уақытының көкейкесті, өзекті
күйлерін төгіп-төгіп айтып алады да, әңгіме
бағытын алаңсыз бір рахат күйге ойысқандай,
жан түкпірін түрткілеген дүниелер бас көтере
бастаған Тағанға қайта бұрады.
Табиғатқа
еміне қарап, жігіт жан рахаты
-
на кенелгендей бір күйге түскен. Газет оқып,
радио тыңдамағанына қаншама уақыт бол
-
ды. Осының өзі дұрыс па деп ойлады. Төрткүл
дүниенің дүбіріне алаңдамайсың, дүрбелеңнен
шошымайсың. Оңаша бір тыныштық. Ерік те
бірдеңе білгеннен осылай жүр-ау. Денсаулық
үшін де тау арасының оқшаулығы жақсы екен...
дегендей ойлар баурайды Тағанды.
Баяғы біз көргеннен ойсыз, қамсыз маскүнем
Таған енді арғы-бергіні ой елегінен өткізе ба
-
стайды. Оның жаны сауығып келе жатқанын
жазушы ұтымды оқиға өрбіту, ой логикасы
арқылы ашқан.
Таған біртіндеп, күрделі кесек
тұлғаға айнала бастайды. Ол ел қамын ойлаған
азамат екен. Оның мұңы тіпті де жеке бастың
қызығын қуалаған тар мүдденің мұңы емес екен.
Таған – ұлы мұраттармен ұшқыр ғұмыр кеш
-
кен, тағдырлы, тарихы бай ұлтының ұлы. Жал
-
пы адамзаттық ауқымдағы, әлем әдебиетіндегі
әсершіл, әуес, әрекетті жас адамдардың өмір
бұралаңдарындағы жан-күйі ашылған озық
туындылардағы орталық кейіпкерлермен қандас,
туыс тұлға. XIX ғасырда, одан бұрын да Батыс,
орыс әдебиетінде қатар түзген қайшылықты өмір
ағысында малтыған жас адамдар образының ор
-
тасына қосылуға қақылы бейненің бірі деуімізге
де болады.
«Әлі есінде, Алтай тарихына қатысты, яғни
онда мекендеген уранхайлықтар туралы бір
кітапты оқып отырып, көзі қарауытып, басы
айналып кеткені. Қан қысымы көтерілді ме,
неге екені белгісіз көпке дейін ес-ақылын жия
алмады. «В 1862 году десять семейств уйман
-
ских раскольников (река Уйман – один из двух
истоков – реки Катунь. Долина ее издавна за
-
селена была раскольниками) вышли в Улукем
-
скую степь и обосновались на р. Урон...» деген
сөйлемдерден солтүстік Алтайдың, яғни Россия
құрамындағы Алтайдың тарихын танығандай
болған. Әрі қарай құмарта оқып келе жатып: «В
деле русской колонизаций Криссанского края,
роль искателей «Беловодья» имели выдающееся
значение деген тұсқа келгенде, өз ауданындағы
Ақсу – Беловодья аталар ауыл есіне түскен. Сол
жерді қоныстанған кержақтар тарихын танып,
түп-төркініне үңілгендей болған. Ал енді «Вся
история России представляет из себя картинку
постопенного продвижения славянского пле
-
мени на восток и ассимиляции им менее куль
-
турных народностей...» дегенін қалай түсінуге
болады?
Совет
өкіметі орнаған тұста жазылған,
басылған бұл кітаптың әр ұлттың өз ерекшелігі
мен тілін, ділін, генетикасын сақтау керек
-
ке саятын лениндік методологияға қайшы
емес пе? Оны былай қойғанда, «Земля тому
– кто ее отрабатываеттың» кері емес пе? Ой
айтудағы концептуалдық қателік әрқашан да ұлт
наразылығын тудырарын ескере бермейтініміз,
әлбетте, өз нәтижесін, қайғылы нәтижесін бер
-
мей қоймайды. Міне, Тағанның қан қысымын
көтерген де осына тұжырымдар еді. Ендеше
тарихты терең білген сайын, денсаулықтан
айырыласың» (Бөкей, 2013: 191).
Достарыңызбен бөлісу: