Хабаршы. Филология сериясы. №2 (170). 2018
64
О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар
в герменевтическом аспекте. В этом произведений, которое в значительной степени является
частью множества скрытых замыслов, жестов, намеков и нелепых примеров, автор приложил
немало усилий, чтобы получить свободу смело идти и достигнуть глубочайших секретов
человека. В этой работе есть тень
всеобщей трагедии человечества, разрушительная жара 20-го
века, размах национального кризиса и стремительный порыв великой державы.
Ключевые слова:
национальный интерес, национальный дух, одиночество, духовный кризис.
Кіріспе
Герменевтика – филология ғылымының ежел
-
ден келе жатқан мәселелерінің бірі. Ол көркем
мәтінді терең түсінудің әдісі болып табылады.
Ф. Шлейермахер, В. Дильтей, Г. Гадамердің
еңбектерінде герменевтика мәселесіне бай
-
ланысты ой-тұжырымдар нақты сараланған.
«Мәтінді «алдын ала ұғу» немесе «түсінбеу»
деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы
түсінудің логикалық сатылары екенін қайта-
қайта еске салатын герменевтиканың негізгі
қағидаларын білген жөн. Қазіргі кездегі
герменевтикалық теориялар мәтіндегі жасы
-
рын, құпия ишара, меңзеу түріндегі көркем
ақпаратты танудың жолдарын қарастыруда.
Автордың ойлау жүйесіндегі мифтік сананың,
ұжымдық сананың, архетиптердің,
әрқилы ир
-
рационал образдардың табиғатын зерттеуге де
-
ген қызығушылық басым» (Есембеков, 2015:
162). Осы тұрғыдан ойымызды өрбітсек, адам
баласының жаратылыс жұмбағынан туындап,
күні бүгінге дейін шешімін таппаған, табылуы
мүмкін де емес жан жүйе болмысының ұлы
құпияларына ынтыға үңілген Оралхан Бөкей
– ой айтуға бейім жазушы. Қаламгердің оңаша
күн кешетін кейіпкерлері ұдайы ой қамауында
жүретіндігі иланымды. Өз кеудесін күйдірген
өткір әлеуметтік, адамгершілік проблемалар
-
ды жазушы кісікиіктеу табиғатымен дараланып
отыратын кейіпкерлер шоғырында солардың
іс-әрекет, ой-пайым, дүниетаным иірімдерінде
көтеріп, қозғап отырды. Жазушы көксеген жан
тазалығын, ар тазалығын,
маңдай термен нан
табудың мехнат-рақатын, ұлттық мүдделер,
ұлттық рух идеалын оның әрқилы тағдыр, әр
қалыпты ғұмыр кешіп жатқан кейіпкерлері
өмірлік мұрат еткен.
«Атау кередегі» Нюра кемпірдің жалғыздық
күйі – қарт адамның өмір көшінің соңындағы
тына бастаған қалпымен де, баласы Еріктің
қалауымен болған ортадан жырақтау жағдайы-
мен де, тіпті қала берді, қаншама жерден
қазақтың от анасы болғанымен де, діл, орта,
арғы негіздер тұрғысынан да қылаң беруі тиіс
жалғыздығы.
Нюра характерін шынайы шыңдауда
жетіспей жатқан да нышандар бар. Тым қазақша
ойланып, қазақша күйзелуі, қазақша мінез қалпы
соншалықты иландыра да бермейді.
Нюра – науқас адам. Төсек тартып жатыр.
Көбіне жалғыз қалады. Ондайда ой қамайды.
Өткен-кеткен есіне түседі. Өткен өмір дегені
«көп пен көрген ұлы той» – сонау бір жылдардағы
төңкерістің, ақ пен қызылдың, кәмпеске, ашар-
шылықтың заманы. Адамзатқа тажал болған
соғыстың естелігі. Нюра кемпірдің ойы бітпейді.
Ұзақ тарихты түгендеп шығады.
Жазушы осы
тәсілімен белгілі бір кезең, уақыттардың жал
-
пы мінезін, қоғам, заман құрсауындағы адамдар
мінезін ашады.
Заманның екпіні қатты уақыттарда да адам-
шылығын сақтап қалғандар өмір атты ұлы көшті
үзіліп қалудан сақтауға септігін тигізгендер.
Нюраның бітпейтін, таусылмайтын ойларынан
арғы мен бергі, Алтайдың ой-қырын мекен еткен
адам мінездері, кесек тұлғалар болмысы орын
табады.
Талдау
«Атау кереде» жазушы Нюра кемпірдің ішкі
ойларымен заманның мың құбылған аярлығын,
құбылған заман бұзған адам баласының азғантай,
мардымсыз бірдеңе лерді малданып, ақырындап,
асқақтап барша адамның абыройдан жұрдай бо
-
лар бақытсыздығын жекелеген кейіпкер әрекет-
тері арқылы ашуға ден қойған.
Нюраның қыр соңынан қалмай қойған Шолақ
қол да – заман тудырған адамның шынайы кейпі.
««Шынымызды айтсақ қайтеді» деген тәуе-
келге бел байлаған мезетте, ауылдың аш құрсақ
итін шулатып Шолақ қол келіп үлгереді. Амал
жоқ, алдынан шығып, қарсы алды. Аттан адам-
ша емес, оң аяғын ердің алдыңғы қасынан асы-
рып, шабандоз баладай секіріп түскен нәшәндік:
«Қоңдысыңдар ғой өздерің, не жеп семір-
діңдер? – деді қамшысын сапиян етігінің қоны-
шына тыға сөйлеп.
– «Өлмегенге өлі балық» деген, жолдас
бастық, колхоз не берсе, соны талшық етеміз, –
деп жауап берді Көкен.
ISSN 1563-0223
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170). 2018
65
Ыбырайқызы Г.
– Есеп-қисаптан жырым-шеттіктейді деген
сигнал бар. Істеп жүрген жерінен тістеп жүретін
қазақтың ежелгі әдеті. Сені де тексеру керек. Екі
қатынды, екі баланы асырайтын азық қайдан
келді саған.
– Тексеріңдер.
– Көрші ауылдағы бригадирдің қалай
ұсталғанын, қалай сотталғанын білесің бе?
– Естімеппін, – деді Көкен.
– Ондайда құлағың керең бола қалады. Ат-
тонын ала қашып танып болмаған соң, бала-
сының тезегін тексеріп келіп жібергенде ішінен
бидай шықты, – деп қарқылдап күлді. – Ал
енді сендер бара тұрыңдар, Нюра Фадеевнамен
оңаша сырласып көремін» (Бөкей, 2013: 128).
Нюрадан дәмелі
осы бір кемтар адамның
жан күйіне жазушы жаны да ашып қарайтындай.
Адамның осалдығы да, әлсіздігі де – барлы-
ғымызға ортақ күй ғой дегендей ойлар қамайды
оқушыны.
«Қақ маңдайдан ұрдың-ау, аспан көз қатын.
Қайтейін сені, қайтейін, жалғандағы жалғыз
қуанышымнан айырдың, абыройымды айран
-
дай төктің, жігерімді құм қылдың, жігіттігімді
қорладың, аяулы сезімімді аяқ асты еттің.
Енді қайтіп ашуланбаймын, енді қайтіп елді
қан қақсатпаймын, айтшы өзің... Жазығым не,
жазығым жар қызығын көрейін дегенім бе?
Нюра таңғалды. Шолақ қол бетін қос ала-
қанымен басып алып, әйелдерше ал кеп сол-
қылдап жыласын. Басқа-басқа да, дәл осындай
оқыс қылық, босаң көңіл күтпеген еді әрі оған
тас емен жүрегі жылып, жаны ашыған» (Бөкей,
2013: 128).
«Атау кере» повесіндегі өнімді көркемдік
тәсілдің бірі – Оралхан Бөкейдің қаламына,
оңтайлы әдеби шешім – психологиялық талдау.
Жазушы Нюра кемпірдің ішкі ойлары арқылы
тұтас бір дәуірдің қайшылықты өмір ағысында
арпалысқан адам образдарын ашу амалдарына
жол табады.
Нюра кемпірдің ішкі ойында қырланып, да
-
ралана түсетін бейненің бірі – баласы Еріктің
образы.
«Тура жүріп, тура сөйлейтін Қандауырдың
тым-тым қара қылды қақ жарған әділдігі тұқым
қуалап, Ерікке жұға қойған жоқ-ты»; «Ұлым
менің әкеме тартқан пысық, қолы ісмер-ді.
Бірақ...»
Нюра кемпірдің әкесі – орыс ұлтының өкілі.
Заманында байлық жасап, жалшы жұмсаған
бақуатты жан.
«Атау кере» бұдан ара туралы айтумен қоса
будан адамның да болмысын көлденең тартады.
Еріктің бойындағы суықтау бірбеткейлік, әкесі
Қандауырға тартпаған жатбауырлық...
Оның жабайы сонаға айналып кеткендігі ту
-
ралы жазушы жайдан-жай айтпас еді. Қай туын
-
дысында да тұспал, ишара, меңзеу «Атау кереде»
де жеке адамдар тағдыры мен қоғам, заманалар
тарихындағы
сабақтас айқын нышандар, зауал
мен зардап, қайырсыз, қайтарымсыз қаттылыққа
асыққан адамзаттың ақырзаманы туралы да ой
желісін түрлі астастырулар аңғарында баяндаған.
Көркемдеудегі ой ағыны арқылы қасында
мың қаралы адам жүрсе де жападан жалғыз
қалған жалаңаш тағдыр жанның күйін жеткізуге
Оралхан Бөкейдің қаламгерлік, суреткерлік
әлуеті әбден жетеді. «Атау кередегі» екі баланы
жеке тәрбиелеп өсіріп жатқан шал – шындық
өмірде болуы екіталай тұспал бейне. Символдық
астарда бұзылып бара жатқан қоғамдық-
әлеуметтік өмір ортасын жатсыну, қаны таза
ұлттық болмыс дара, жалпыадамзаттық ізгілік,
игілік өресіндегі жақсы адамды сақтап қалу.
«Ұлымның аты – Қозы, қызымның есімі
– Баян, ырымдап әдейі қойдым, –
деді ақсақал
әңгімеге ықылас білдіріп. – Егер тегін қуаласаң,
бірі – батыстан, бірі – шығыстан. Әдейі
Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен
алып келдім. Қандары араласып, балталаса
бөлінбейтін ұжымды ел болсын дегенім.
– Шынымды айтсам, ағасы, сіздің осы әре-
кетіңізге түсінбей отырмын. Не үшін? Жа
-
ман айт пай жақсы жоқ, ешкім де мың жасай
алмайды...
– Өліп кетсең, екі бала кәмелетке толмай да
-
лада қалады деген уайымың шығар. – Айтшы,
шырақ, маған қанша жас бересің?
– Шамамен... – деп, ойланды Таған. – Кем де
-
генде жетпіске жақындап қалдыңыз.
– Сақалым мен шашымның ағына қарап
ажыратсаң, солай, әрине. Нақтысы – 1924
жылғымын, демек, елу сегіздемін. Енді бір он бес
жылсыз өлімнің дұзағына іліне қоймаспын деген
сенім бар. Ендеше менің екі балам ол кезде бірі
бой жетеді, екіншісі ер жетеді, яғни жиырманың
үстіне келеді деген сөз... Одан ары менің керегім
жоқ, өз күндерін өздері көреді, атамекеннің ат
-
пал азаматы болады.
– Қызық екен... ертектегідей... бәрібір түпкі
мақсатыңыз тұманды. Елдің ішінде отырып ер
жеткізсеңіз кім таршылық жасар еді. Обал ғой,
аға, обал...
– Бүгінде ел қалды ма? – деп саумалады шал.
– «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген... Егер мен
елден қашсам, баламның саудайы қылық, арзан
қызықтан таза өссін дегенім.
Хабаршы. Филология сериясы. №2 (170). 2018
66
О. Бөкейдің «Атау кере» шығармасындағы герменевтикалық сарындар
– Ағайыннан көңіліңіз қалған-ау. Әйтпесе
Үлкен Жердегінің бәрі ақымақ дегенге кім
сенер. Рас, көпшіліктің ортасында жүріп те
жалғызсырайсың, ондай ауыр сәт өз басымда да
болған. Бірақ айналайын халықпен қақтығысып
жүргенге не жетсін. Мен қазақтың атом апаты
-
нан да, бүлінген ауадан да,
ішімдік пен аяқтан
шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да
тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін. Иә, пәле – қала,
өсек- жаладан ... меңдуана жегендей желіктірер
әуен мен әумесер қылар айғай шудан да алып
қашып отырмын.
– Адамзаттың өмірі Алтайдан басталған
деуші еді, әрі жазушы, әрі тарихшы бір досым.
Соның сөзін бәлкім, сіз дәлелдеп шығарсыз, – деп
күлді Таған. – Сонда қалай, екеуін үйлендіресіз
бе?
– Дәм жазса, ондай ойым жоқ емес» (Бөкей,
2013: 176).
Достарыңызбен бөлісу: