106
сында жалғастырған. Ал 1919 жылы 4 желтоқсанда Семейде большевиктер
билігі орнап, М.Әуезов Семей губерниялық ревкомының жанынан ашыл-
ған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шыға-
рушысы қызметтерін атқарды.
Сосын Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік универси-
тетінің тіл-әдебиет бөлімінде 1923-1928 жылдары оқыған. Ал 1924-1925
жылдары Семейге келіп, мұғалімдер техникумында оқытушы болған және
Семей губерниялық комитетінің органы – «Таң» журналының редакторы
қызметін атқарған.
1928 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде Шы-
ғыс факультетінің аспирантурасына қабылданған және сонда Қазақ ағарту
институтында сабақ берген.
Жазушының тағдырында үлкен белес бар, ол Алаш қайраткерлерімен
жақын араласқан, идеялас болған. Сол үшін М.Әуезов 1930 жылы 16 қыр-
гүйекте қамауға алынып, түрменің азабын көрді. 1932 жылы сәуір айында
үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан,
бірақ маусым айында түрмеден босатылды. Оның босатылуына кешірім сұ-
рап жазған хаттың ықпалы болды. Аға буын алашшыл тұлғалар қазақтың
болашағы үшін жас Әуезовтің сақталуы керек екенін ойлап, осы қадамды
жасауына ақыл-кеңес берген.
1943 жылдың қыргүйек айынан бастап Алматыдағы Қазақ мемлекеттік
университетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасында өмірінің соңына дейін ұс-
таздық етті. Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
Мұхтар Әуезов атындағы аудитория бар. Елімізде жазушының есімімен ата-
латын көрнекті орын көп. Бұл – халқымыздың көрнекті тұлғаға құрметі.
Достарыңызбен бөлісу: