109
«Абай», «Таң» журналдарында Абайдың өлеңдерін, нақты айтқанда,
«Абайдың Әбдірахман деген баласы өлгенде, жоқтап айтқан өлеңдері»,
«Абайдың кейбір өсиет сөздерін» жариялатқан.
XX ғасырдың 30-жылдары кеңестік саясаттың таптық көзқарасты бір-
жақты ұстанғаны белгілі. Соның кесірінен Абай Құнанбайұлына деген көз-
қарас дұрыс болмай, әртүрлі сөздер айтылды. Осындай сын сәтте М.Әуезов
қаймықпай, «Абай» трагедиясын жазу арқылы ұлы ақынды қорғай білді.
Ол өз шығармасында Абай Құнанбайұлын өнерге, мәдениетке ұмтылған
прогрестік бағыттағы тұлға ретінде суреттеп, лайықты бағалаудың қалып-
тасуына өз үлесін қосты.
Ал «Абай» романының 1-кітабы 1942 жылы, ал 2-кітабы 1947 жылы
жарық көрді. Осы еңбегі үшін жазушыға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік
сыйлығы берілді. Кейін бұл еңбегі толықтырылып, төрт кітаптан тұратын
«Абай жолы» роман-эпопея деңгейіне жеткенде, жазушыға 1959 жылы
Лениндік сыйлық ұсынылды. Бүгінде бұл роман-эпопея әлемнің 116 тіліне
аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: