110
Романның эпилогінде: «Алда – өмір, тартыс. Сол тартыста бұл –жал-
ғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені
рас. Қуаты – ақындық, үміті – халық. Бірақ бірі оянбаған күш болса, бірі
танылмай, ұғылмай кетер ме! Жете ме сабыр, жетер ме қайрат?! Жалғыз-
дықтан жасымас қайрат жетер ме!» – деп жазылған.
Роман-эпопея кеңестік
кезеңде жазылғандықтан, сол заманның саяса-
тына сай болуы керек еді. Сол үшін жазушы романда әке мен бала қақты-
ғысын алға шығарды, яғни Құнанбайды үстем тап өкілі ретінде халыққа
жаны ашымайтын, қатыгез адам бейнесінде сомдады. Өйткені ұлы ақын
Абай Құнанбайұлының есімі мен шығармашылығын, дана тұлғасын бола-
шаққа жеткізу мақсаты тұрды. Жазушы осындай образда сомдауға мәж-
бүр болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Құнанбай Өскенбайұлының
халыққа сіңірген еңбектері зерттеулер арқылы анық бағасын алды.
М.Әуезовтің төрт кітап болып шыққан «Абай жолы»
роман-эпопеясы
композициясы да, стилі де бір-бірін қайталамайды. Бірінші кітаптан жас
Абайдың ел тіршілігіне араласуын, жастық
шақтың романтикасын кө-
реміз. Екінші кітапта Абайдың ойшылдыққа ауыса бастаған, ақындыққа
бет бұрған кезін көреміз. Ел арасындағы дау-тартыстарға араласқан кезі
суреттелген. Үшінші кітапта өз табынан алшақтап,
кедейлердің жағына
белсене шыққан, өз ағайындарымен, зорлықшылармен аяусыз күрескен
азамат Абайды көреміз. Ал төртінші кітапта Абайдың күрескерлігі ауыл
арасындағы ауқымнан шығып, қаладағы шенділермен, патша адамдарына
ашық шыққан қайраткер тұлғасында танимыз. Бұл кезең-кезеңге бөлінген
даму романның стиліне де айтарлықтай өзгеріс әкелетіні түсінікті. Дау-
тартыстарға араласу көп болған себепті үгіт-насихат, шешендік жиі орын
алған.
«Абай жолының» абыройлы болуының бір себебі – автордың орыс әде-
биетін толық білгенімен
ғана байланысты деуге болмайды, жазушы, ең
алдымен, туған халқының мұрасын жақсы білген, елдің тарихын, тұрмыс-
тір ші лі гін ерекше сыйлай білген. Қазақтың тұңғыш академигі Қаныш
Сәтбаевтың: «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі
мен тұрмысын жан-жақты қамтитын нағыз энциклопедия», –
деп баға-
лауы – шындық.
Достарыңызбен бөлісу: